
Атырау қалалық әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған сотында Е.-ге қатысты әкімшілік іс қаралды. Кінәліге Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 434-бабының 1-бөлігімен айып тағылған.
«Е. 18 ақпанда өзінің танысы К.-ны оның келісімімен өзінің автөкөлігіне отырғызған. Жолда екеуінің арасында жанжал туындаған. Соның нәтижесінде К. әрі қарай барудан бас тартып, көліктен шығып кеткен. Алайда Е. оны күшпен көлікке қайта отырғызып, ұсақ бұзақылық жасаған, -деп хабарлады аталған соттан.
Жәбірленушінің айтуынша, Е. оны үйіне дейін жеткізген. Оған ешқандай талабы жоқ.
Сотта Е.-нің кінәсі мойындау жауабымен, әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамамен, баянатпен, сауал қою хаттамасымен дәлелденді.
«Құқық бұзушы Е. айып тағылған баппен кінәлі деп танылды. Сот қаулысымен оған 78 мың 640 теңге мөлшерінде әкімшілік айыппұл салынды», деп мәлімдеді соттан.
Сот қаулысы заңды күшіне енген жоқ.