Қылмыс • 23 Ақпан, 2025

Алаяқтықтың жаңа түрі пайда болды

191 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

+870 деп басталатын нөмірден хабарласса алмаңыз, қайта қоңырау шалмаңыз. «Мемлекеттік техникалық қызмет» АҚ қазақстандықтарға осындай үндеу жасады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Алаяқтықтың жаңа түрі пайда болды

Мамандар бұл кодтардың теңізде, әуеде және шалғай аймақтарда қолданылатын анықтаған.

Алайда алаяқтар осы нөмірлердің Қазақстандық нөмірлерге ұқсастығын пайдаланып, тұрғындарды алдауға көшкен. Сол үшін жеке ақпаратты, SMS кодтарын немесе банк картасының деректерін ешкімге бермеуді ескертеді.