Аймақтар • 24 Ақпан, 2025

Павлодарда жоғалып кеткен кәсіпкер өлі күйінде табылды

80 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ер адамды іздеуге полиция мен әскерилер жұмылдырылған. Полиция кісі өлтіру бабы бойынша қылмыстық іс қозғады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Павлодарда жоғалып кеткен кәсіпкер өлі күйінде табылды

фото: Павлодар полиция басқармасы

Vita іздестіру жасағының еріктілері хабарлағандай, Асұлан Нұмағамбетовке 21 ақпан күні іздеу салынған. Кәсіпкер сол күні Павлодар қаласы, Жеңіс алаңы көшесінде орналасқан өз үйінің ауласынан Toyota маркалы көлікпен шығып, жоғалып кеткен.  Ер адамның жеке кәсібі болған, әрі сол күні өзінің бизнес серіктесімен кездесу жоспарланған. Асұлан Нұрмағамбетовті іздеуге полиция мен әскерилер, еріктілер жасағы жұмылдырылған.

«Іздестіру іс-шаралары барысында полиция қызметкерлері бұрын жоғалып кеткен қала тұрғынының мүрдесін тапты. Кісі өлтіру бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қылмысқа қатысы бар адамды анықтау және ұстау бойынша жедел-іздестіру іс-шаралары жүргізілуде», деп хабарлады Павлодар облысы полиция департаментінің баспасөз қызметінен.

Оқиғаның мән-жайы мен себептері тергеу барысында анықталатын болады.

Соңғы жаңалықтар

Қарасай ауданында тартысты көкпар өтті

Аймақтар • 11 Желтоқсан, 2025

Қобыз бен киіз үй ЮНЕСКО тізіміне енді

Мәдениет • 11 Желтоқсан, 2025

Иран Президенті Жүрек орталығына барды

Денсаулық • 11 Желтоқсан, 2025

Оралдан Ташкентке әуе рейсі ашылады

Аймақтар • 11 Желтоқсан, 2025