
Фото: Turizm jane sport ministrligi
Мәнерлеп сырғанау: Сеулде (Оңтүстік Корея) төрт құрлық чемпионатында Михаил Шайдоров (қоссайыс 285.10 ұпай) топ жарды.
Спорттық гимнастика: Германияның Котбус қаласында Әлем кубогінің бірінші кезеңінде Милад Карими (еркін жаттығу 14.133 ұпай) алтын медаль жеңіп алды.
Конькимен жүгіру: Польшаның Томашув-Мазовецк қаласындағы Әлем кубогі кезеңінде Евгений Кошкин 500 метр қашықтықта үздік шықты. Сондай-ақ Қазақстан әйелдер құрамасы командалық сайыста үшінші орын алды.
Нысана көздеу: Таиландтағы Азия кубогінде ұлттық құрама спортшылары 12 алтын, 9 күміс, 4 қола медальмен жалпыкомандалық есепте 1-орынды ие болды.
Садақ ату: Таиландтағы Азия кубогі кезеңінде Ұлттық құрама спортшылары үш күміс медаль олжалады.
Дзюдо: Варшавада (Польша) Еуропа кубогінде спортшыларымыз 1 алтын, 1 күміс медаль жеңіп алды. Ерлер арасындағы 60 кг дейінгі салмақтың финалында екі отандасымыз Шерзод Давлатов пен Бақытжан Аманның жолы түйісіп, Шерзодтың мерейі үстем болды.
Каратэ: Фуджайрада (БАӘ) жастар арасындағы А сериясы жарысында Қазақстан командасы 8 жүлде жеңіп алды.
Батуттағы гимнастика: Бакуде (Әзербайжан) Қазақстан құрамасы Әлем кубогі кезеңінде күміс медаль еншіледі.