Аймақтар • 24 Ақпан, 2025

Қызылордадағы түнгі клубтан азот толтырылған шарлар табылды

67 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қызылорда облысы Полиция департаментінің Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы облыс орталығындағы түнгі клубтың бірінде азот оксиді құйылған шарлар ашық сатылып жатқаны туралы әлеуметтік желіде жарияланған дерекке байланысты тексеру жүргізді, деп хабарлайды Egemen.kz

Қызылордадағы түнгі клубтан азот толтырылған шарлар табылды

Жүргізілген жедел-іздестіру іс-шаралары барысында 10 литрлік 2 баллон, полиэтилен пакетке салынған шарлар, кальян табылып, заттай дәлелдеме ретінде алынды. Қазір дәрiлiк немесе басқа да құралдарды пайдаланып, есеңгiрету үшiн притондар ұйымдастыру немесе оларды ұстау бойынша ҚР ҚК 310-бабының 1-бөлігімен сотқа дейінгі тергеп – тексеру әрекеттері басталды.

Полицейлер алдағы уақытта өзге де ойын сауық орталықтарына тексеру жүргізеді.