Аймақтар • 24 Ақпан, 2025

Бір отбасының сегіз баласы мемлекет қамқорлығына алынды

114 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Атырауда бір отбасының 5 баласы бейімдеу орталығына, 3 баласы сәбилер үйіне орналастырылды, деп хабарлайды Egemen.kz

Бір отбасының сегіз баласы мемлекет қамқорлығына алынды

Бала құқықтары жөніндегі Атырау өңірлік уәкілі Айжан Сәрсембаеваның айтуынша, 8 баласы бар отбасының үйі тұруға жарамсыз болған.

«Бұл отбасыға 2020 жылы «Харекет» қайырымдылық қоры арқылы жеке үй берілген. Алайда тұрғын үйдің жағдайы өте нашар. Үйдің төбесінен су кетіп, жылу да болмаған. Соның салдарынан көпбалалы ананың әлеуметтік жағдайы Атырау қалалық әкімдігі  жанындағы кәмелетке толмағандар істері жөніндегі комиссияда қаралды. Ананың өтінішіне сәйкес комиссия шешімімен 5 баласы Атырау облыстық кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығына, ал 3 баласы «Сәбилер үйіне» уақытша орналастырылды», дейді Айжан Сәрсембаева.

Оның айтуына қарағанда, көпбалалы ананың үйіне жөндеу жүргізіліп жатыр. Қазір жеке тұрғын үйдегі жылу жүйесі қалпына келтірілген.