Қоғам • 25 Ақпан, 2025

Елімізде 28 жаңа мектеп салынады

76 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Білім беру инфрақұрылымын қолдау қоры есебінен салынатын 28 жаңа мектеп – 22 мың оқушы орнына арналған, деп хабарлайды Egemen.kz

Елімізде 28 жаңа мектеп салынады

Фото: Oqu-agartu ministrligi

Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша құрылған Қор жемқорлардан тәркіленген қаражат есебінен толықтырылып келеді, негізгі мақсаты білім беру ұйымдары үшін жаңа ғимараттар салу, кеңейту арқылы апатты мектептерді және орын тапшылығын жою.

«Мемлекет балалар үшін қолайлы жағдай жасауға ерекше көңіл бөліп келеді. Бүгінде 74,4 мың орындық 61 мектеп пайдалануға берілді, оның 29-ы ауылдық елді мекендерде орналасқан», деп атап өтті Инфрақұрылымды дамыту департаментінің басқарма басшысы Жайық Махсутов.

Сала министрлігінің баспасөз қызметінің мәліметінше білім беру инфрақұрылымын қолдау қорының есебінен 100 мыңға жуық оқушы орнына арналған 89 мектептің құрылысы қаржыландырылған.

2024 жылы заманауи құрал-жабдықтармен жабдықталған 25 мектеп салынған, басым бөлігі Астана қаласында және Маңғыстау, Алматы, Жамбыл облыстарында орналасқан.

Соңғы жаңалықтар

Орфандық ауру асқынып тұр

Медицина • Бүгін, 09:30

Он тілді меңгерген оқушы

Білім • Бүгін, 09:25

Орталық Азиядағы орта держава

Қазақстан • Бүгін, 09:02

Жүрек қағысын жетілдіру тәсілі

Медицина • Бүгін, 08:45

Дара да дана қайраткер

Тұлға • Бүгін, 08:40

Робот ота жасады

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:25

Ең ұзын туннель

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:10

Аққыздың аманатын арқалаған

Руханият • Бүгін, 08:07

Күмбірлеп өткен күй ғұмыр

Тағзым • Бүгін, 08:05

«Пахтакор» – чемпион!

Футбол • Бүгін, 08:02

Отыз үйрек, бес қырғауыл

Аймақтар • Бүгін, 07:50