Жұмысшы мамандықтар жылы • 25 Ақпан, 2025

Кәсіптік-техникалық білім алушылар мен кәсіпорын өкілдері бас қосты

110 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ақтөбеде 21 кәсіпорын өкілдері, 40 техникалық– кәсіптік білім беру ұйымдары студенттері мен қала мектептерінің 9-сынып оқушылары қатысуымен «Кәсіби ашық алаң»   көрмесі өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Кәсіптік-техникалық білім алушылар мен кәсіпорын өкілдері бас қосты

Көрмеде техникалық және кәсіптік білім беру мекемелерінің студенттері   өз жетістіктері мен инновациялық жаңалықтарын  ұсынды. Мәселен, Еуропалық жоғары экономика, бизнес және құқық колледжі  дауыс арқылы басқарылатын гуманоид  робот пен ит роботты таныстырды. Оларды қонақ үйде қызмет етуге,  мүмкіндігі шектеулі жандарға көмек көрсетуге және  іздестіру-құтқару шараларына қатыстыруға болады.  Қобда көпсалалы колледжі жиһаз жасау бойынша  ағаш өңдеуден шеберлік сабақтарын өткізді.  Шалқар  көпсалалы колледжі киіз бұйымдарын жасау технологиясымен таныстырып, қой, түйе жүндерінен сурет салу жолдарын көрсетті. Сондай-ақ көрмеде ерекше білім алу қажеттіліктері бар жастарға арналған кәсіп түрлері таныстырылды.

робот

Кәсіпорын өкілдері колледж басшылығы мен студенттердің арасындағы үш жақты  келісімдер жасау мүмкіндігін талқылады. Көрмені Ақтөбе облысының әкімі Асхат Шахаров аралап,  бәсекеге қабілетті және сұранысқа ие мамандар дайындауды күшейту мақсатында биылғы жылы өңірдегі он колледжде қайта жабдықтау жұмыстары жүргізілетінін атап өтті. Бұл  сұранысқа ие жұмысшы мамандарын дайындауға жақсы серпін береді.

Соңғы жаңалықтар

Жүрегі жырдан жаралған

Тұлға • Бүгін, 08:20

3 минуттық сериал

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:10

Алаңдауға негіз жоқ

Аймақтар • Бүгін, 08:05

Қауіп қайдан демеңіз...

Аймақтар • Бүгін, 08:03

Оператордың ерекше әдісі

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:00

Қатерге қарсы тастүйін іс

Аймақтар • Бүгін, 07:58

Ақ кимешекті әйгілеген әже

Мирас • Бүгін, 07:55

Сезім селт еткен кеш

Өнер • Бүгін, 07:50

Сыншының елеулі еңбегі

Басылым • Бүгін, 07:45

Сарыжаздағы спорт мерекесі

Аймақтар • Бүгін, 07:40

ЖИ ұсынатын иіссу

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 07:35