Жұмыс • 23 Ақпан, 2025

Бір топ еңбек иелеріне құрмет көрсетіліп, марапатталды

76 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Жақында ғана мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздегі еңбек иелеріне әрекетіне сай құрмет көрсетілуі қажет екенін атап өткен болатын. 

Бір топ еңбек иелеріне құрмет көрсетіліп, марапатталды

«Мен алдағы жылды «Жұмысшы мамандықтар жылы» деп жарияладым. Бұл – еңбек адамдарына деген ерекше құрметтің белгісі. Біз отаншылдық, еңбекқорлық және біліктілікке айрықша мән береміз. Дәл қазір мерекеге қарамастан мыңдаған отандасымыз жұмыс істеп жатыр. Олардың арасында шекарашылар, дәрігерлер, тәртіп сақшылары, құтқарушылар мен өрт сөндірушілер, өндіріс басындағы мамандар және басқа да азаматтар бар. Мұны өз ісіне деген адалдықтың нағыз үлгісі деуге болады. Мен бүкіл халқымыздың атынан Сіздерге шынайы ризашылығымды білдіремін. Шетелде білім алып жатқан немесе жұмыс істеп жүрген азаматтарымызға амандық тілеймін!», – деді Президент.

Осы орайда еліміздегі қарапайым еңбек иелерін үнемі түрлі марапаттармен қуантып жүретін жандар тағы бір топ азаматтардың еңбегіне сай құрмет көрсетті. Бұл жолы марапаттау рәсімін Қазақстандағы тұңғыш әйелдер автомектебінің негізін қалаушы, Президенттіміздің алғыс хат иегері, “Намыс” төсбелгісінің және “Алтын Жүрек” номинациясының иегері, Ел Жанашыры- Асылзат Ералықызы ұйымдастырды. Түрлі мамандық иелерінің еңбегіне сай құрмет көрсете отырып, олардың алдағы уақыттағы жоспарларын ортаға салып, жаңа Қазақстанды құру жолындағы ұсыныс ой пікірлері де талқыланды.

Әрқайсысы әр саладағы мамандық иелері екеніне қарамастан оларды біріктіретін ортақ ұя Қазақстанды дамыту идеясымен тоғысуы қуантпай қоймайды. Еңбекқор, өз елінің жанашыры осындай жандар барда ел ертеңінің жарқын боларына еріксіз сенесің! Марапатталған жандардың ішінде ұстаз да, кәсіпкер де, спортшы, дәрігер мен журналист те бар. Президент сөзінің жерде қалмай, еңбек иелерінің еңбегіне сай құрмет көрсетіліп жатқаны қуантады.