Оқиға • 26 Ақпан, 2025

Талдықорғанда екі көлік мұз астына түсіп кеткен

231 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Оқыс оқиға Талдықорған қаласынан 5 км қашықта Балықты өзенінде болған, деп хабарлайды Egemen.kz.

Талдықорғанда екі көлік мұз астына түсіп кеткен

Фото: Видеоскрин

Жетісу облысындағы демалыс орны маңында өзен арқылы өту мезетінде 2 жеңіл көлік жартылай мұз астына түсіп кеткен.

«ТЖМ жедел-құтқару жасағының күшімен көліктер Балықты өзені сағасынан жағаға шығарылды. Барлығы 5 адам құтқарылды, медициналық көмек қажет болмады», делінген хабарламада.

ТЖМ мұз үстінен жүрудің қауіпті екенін, қауіпсіздік амалдарын сақтау керектігін ескертеді.