
Кестеге сәйкес биыл ораза 29 күнге созылады.
Рамазан – мұсылманның тән ләззаттарынан уақытша тыйылып, рухани әлеуетін арттыратын қасиетті ай. Бұл айда адамдар құдайға құлшылығын арттырып, ізгі әрекеттерді көптеп жасауы тиіс.
Ислам ғұламаларының айтуынша, асауға тұсау салғандай етіп нәпсісін игерген адам жүрек көзін аша алады. Бұл адамның -өмірдегі ұлы мақсаттарының бірі. Себебі құдайға адамның жүрегінен басқа ешнәрсе керек емес.
Хакім Абай 17 қара сөзінде «Құдайшылық сонда, қалпыңды (жүрегіңді) таза сақта, Құдай тағала қалпыңа әрдайым қарайды деп кітаптың айтқаны осы», деп жазады.
Сондықтан Рамазан – күнәдан тыйылып, жан тыныштығын табуға көмектесетін мүмкіндік айы.