Ауа райы • 26 Ақпан, 2025

Алдағы үш күнде аяз тұрып, қар жауады

190 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазгидромет синоптиктері Қазақстанда 27, 28 ақпан және 1 наурызда ауа райы қандай болатыны туралы болжам жасады, деп хабарлайды Egemen.kz

Алдағы үш күнде аяз тұрып, қар жауады

Алдағы тәуліктерде Қазақстанның басым бөлігінде оңтүстік циклонның ықпалы жалғасады. Нәтижесінде елімізде бұрқасынмен бірге қар жауады, республиканың оңтүстігі мен оңтүстік-шығысында жауын-шашын және қар түріндегі жауын-шашын күтіледі.

27 ақпанда шығыста, түнде оңтүстік-шығыстың таулы аймақтарында, 28 ақпанда оңтүстік-батыста, 1 наурызда солтүстік-батыста қалың қар жаууы мүмкін.  Түнде тұман, көктайғақ, желдің күшеюі күтіледі, республиканың оңтүстік-шығысында секундына 30 метр және одан да жоғары желдің күшеюі ықтимал.

«Ауа температурасының түнде солтүстік-батыста, шығыста, республика орталығында 12-28 градус аязға дейін, солтүстікте 15-25 градус аязға дейін төмендеуі күтіледі, оңтүстікте, оңтүстік-шығыста аздап 1-10 градус аязға дейін көтеріледі, батыста негізгі ауа температурасы 5-20 градус аяз болады», делінген хабарламада.

Соңғы жаңалықтар

Атаулы жылдағы ауқымды шаралар

Жұмысшы мамандықтар жылы • Бүгін, 09:50

Жаңақорғанда макарон шығады

Өндіріс • Бүгін, 09:35

Дегдар сөз иесі

Жансарай • Бүгін, 09:30