Қоғам • 26 Ақпан, 2025

Еліміздегі ең бай зейнеткер 1 миллионға жуық зейнетақы алады

206 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры (БЖЗҚ) Қазақстандағы ең жоғары ай сайынғы зейнетақы төлемі 993 040 теңге екенін хабарлады, деп жазады Egemen.kz

Еліміздегі ең бай зейнеткер 1 миллионға жуық зейнетақы алады

Қаңтарда бұл көрсеткіш 945 752 теңге болған. Ал зейнет жасына жеткен азаматтарға БЖЗҚ-дан төленетін орташа айлық төлем 35 523 теңге (қаңтарда 33 906 теңге).

БЖЗҚ мәліметінше, 2025 жылғы 1 ақпандағы жағдай бойынша, Қазақстанда 17,24 миллион зейнетақы шоты бар.

«Қазіргі уақытта қазақстандықтардың зейнетақы активтері 22,64 триллион теңгеге жетті. Соңғы 12 айда зейнетақы активтері 4,52 триллион теңгеге (немесе 25 пайызға) өсті», делінген хабарламада.