Президент • 26 Ақпан, 2025

Президент Режеп Тайип Ердоғанды туған күнімен құттықтады

390 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Мемлекет басшысы Түркия Президенті Режеп Тайип Ердоғанмен телефон арқылы сөйлесті, деп жазады Egemen.kz. Ақорда баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Президент Режеп Тайип Ердоғанды туған күнімен құттықтады

Фото: Ақорда

Қасым-Жомарт Тоқаев Режеп Тайип Ердоғанды туған күнімен құттықтап, бауырлас түрік халқының игілігі жолындағы жауапты мемлекеттік қызметінде толағай табысқа жете беруіне тілектестік білдірді.

Әңгімелесу барысында мемлекеттер басшылары қазақ-түрік кеңейтілген стратегиялық серіктестігінің қарқыны жоғары екенін атап өтіп, екіжақты қарым-қатынасты одан әрі нығайту перспективасын талқылады.

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Режеп Тайип Ердоған Рамазан айының қарсаңында екі елдің бауырлас халықтарына бейбітшілік пен бақ-береке тіледі.