19 Маусым, 2015

Ақтөбеде этносаясатқа арналған семинар өтуде (фото)

302 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін
19-06-2015-aktobe 03АҚТӨБЕ. 18 маусым. Ақтөбеде облыстық Қазақстан халқы ассамблеясы ғимаратында Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы және Қазақстан халқы ассамблеясының қолдауымен «Мемлекеттік этносаясатты жүзеге асырудағы мемлекеттік-құқықтық тетіктер және халықаралық стандарттар» тақырыбындағы үш күндік республикалық семинар-тренинг өз жұмысын бастады. Бұл туралы egemen.kz тілшісі хабарлады. Семинар-тренинг жұмысына Президент Әкімшілігі Қазақстан халқы ассамблеясы хатшылығының, Мәдениет және спорт министрлігінің, Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы «Қоғамдық келісім» РММ, адам құқықтары жөніндегі комиссияның өкілдері, Мемлекеттік басқару академиясының профессор-оқытушылар құрамы қатысуда. Тыңдаушылар ретінде этносаралық және конфессияаралық қатынастар, этносаясат мәселесімен айналысатын мемлекеттік қызметшілер, әкімдіктер мен мәслихаттардың мамандары, ішкі саясат бөлімдерінің және дін істері, жастар саясаты басқармаларының басшылары мен мамандары, өңірлердің ҚХА хатшылықтарының меңгерушілері мен мамандары және ғылыми-сараптамалық топтарының мүшелері, «Қоғамдық келісім» РММ өңірлік құрылымдарының қызметкерлері, БАҚ өкілдері, Ақтөбе, Атырау, Батыс Қазақстан және Маңғыстау облыстарының этномәдени, діни және жастар бірлестіктерінің жетекшілері қатысуда. Семинар-тренингтің салтанатты ашылуында Қазақстан халқы ассамблеясы облыстық хатшылығының меңгерушісі Жолдас Нұршин сөз сөйлеп, қатысушыларға осы мәселе бойынша білімдерін жетілдіру бағытында сәттілік тіледі. Мемлекеттік басқару академиясы Орталық Азия өңіріндегі этносаралық және конфессияаралық қатынастарды зерттеу орталығының жетекшісі Айгүл Садвокасова семинар-тренингтің жұмысымен таныстырды, оның маңызы мен мақсатына тоқталды. Аймақтық семинар-тренинг шеңберінде «Бес институционалдық реформаны іске асыру жөніндегі 100 нақты қадам: қоғамның бір тектілігі мен бірлігін қамтамасыз ету мәселелері» тақырыбында дөңгелек үстел өтеді, онда «100 нақты қадам» ұлт жоспары шеңберінде мемлекеттік этносаясаттың қазіргі кезеңдегі басымдылықтары айқындалып, жаңа міндеттері талқыланады. Семинар-тренинг жұмысы барысында этноәлеуметтік және этноконфессионалдық үдерістерді тиімді басқарудың нормативтік-құқықтық базасының теориялық және тәжірибелік құрамдас бөліктері қарастырылады, құқықтық мәдениет толеранттылықты қалыптастыру бойынша тренингтер жүргізіледі. Сонымен қатар, «Мәңгілік Ел» идеясының мәдени-философиялық негіздері және ұлттық бірлік пен қоғамдық келісімді қамтамасыз ету тетіктері талқыланады. Сабақ барысында мемлекеттік этносаясатты және этносаралық қатынастарды құқықтық қамтамасыз ету мәселелері жөнінде жұмыс тәжірибесімен бөлісу және пікір алмасу алаңдары жүргізіледі. Сатыбалды Сәуірбай. Дерек, сурет: egemen.kz. 19-06-2015-aktobe 01 19-06-2015-aktobe 02