Заң • 27 Ақпан, 2025

Шерзат Полаттың өліміне қатысты тергеу аяқталды

64 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Алматы облысының полиция басқармасы өткен жылдың 4 қазанында Талғардағы төбелес кезінде қаза тапқан Шерзат Полаттың ісіне қатысты тергеу аяқталғанын хабарлады, деп жазады Egemen.kz.

Шерзат Полаттың өліміне қатысты тергеу аяқталды

Фото: Ашық дереккөзден

Тараптар қылмыстық іс материалдарымен танысқан соң, іс сотқа жіберу үшін прокурорға жолданған. 

Тергеу барысында 40 сот сараптамасы жүргізіліп, 200 куәгерден жауап алынған. Облыс полициясының мәліметінше, қылмыстық іс 62 томнан тұрады. Оның ішінде жиналған дәлелдемелер, сараптама қорытындылары, жауап алу хаттамалары және басқа да маңызды материалдар бар. 

«Барлық күдіктінің оқиға орнында айтқан жауаптары тексерілді, процесс қатысушылары арасында беттестірулер өткізілді, сондай-ақ қылмыстың барлық мән-жайын анықтауға бағытталған өзге де тергеу әрекеттері жүзеге асырылды. Әрбір тергеу әрекеті қылмыстық заңнама талаптарына сәйкес жүргізілді, тергеудің барлық кезеңінде заңдылық, ашықтық және объективтілік сақталды», делінген хабарламада. 

Тергеу барысы мен процесс қатысушыларының конституциялық құқықтарының сақталуын прокуратура органдары бақылауда ұстаған.