Дін • 27 Ақпан, 2025

Рамазан айына 1 күн қалды

198 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Діни басқарма бекіткен 2025 жылғы діни күндер кестесіне сәйкес, биыл Рамазан айының алғашқы күні көктемнің бірінші күніне, яғни 1 наурызға сәйкес келеді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Рамазан айына 1 күн қалды

Фото: erika

Кестеге сәйкес биыл ораза 29 күнге созылады.

Мұсылман хакімдері адамның органикалық асқазаны секілді, рухани асқазаны да бар екенін түсіндіреді.  Рамазан тән тоятынынан уақытша тыйғанымен, адамның жанын «семіртетін» қасиетті ай екенін жеткізеді. Бұл уақытта  ауыз бекіткен, сондай-ақ белгілі себептермен бекіте алмаған Мұхаммед үмбеті жаман істерден тыйылып, өзін-өзі тазартуға, кемелдендіруге тырысу қажет.

Айта кетейік, діни басқарманың бекітуімен биылғы жылдың пітір садақасы еліміз бойынша екі келі ұнның орташа бағасы негізінде 655 теңгені құрады.