
Биыл бұл бағыттағы жұмыс жалғасуда, қазірдің өзінде 3 қылмыстық іс тіркелді.
Мысалы, борышкерлердің бірі алимент бойынша 2,5 млн теңгеден астам қарызы бола тұра, екі жыл бойы төлеуден жалтарған.
«Прокуратураның үйлестіруімен сотқа дейінгі тергеп тексеру жұмысы бір ай ішінде аяқталып, істі мәні бойынша қарау үшін сотқа жіберілді. Сот үкімімен борышкерге 1 жыл мерзімге бас бостандығынан шектеу жазасы тағайындалып, пробациялық бақылау белгіленді. Қазіргі таңда 2,5 млн теңге қарыздың 1 млн теңгесі өтелді. Балалардың құқықтарын қорғау бойынша жұмыс жалғасуда», делінген прокуратура хабарламасында.