19 Маусым, 2015

Алматы қаласының тұрғындарына 30 мың дәрігер қызмет көрсетеді

332 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
19.06.2015-MedisinaАЛМАТЫ.19 маусым. Бүгінгі таңда қала тұрғындарына барлығы 30 мыңнан астам дәрігер қызмет көрсетеді. Олардың арасында 334-і ғылым докторы, 127 профессор, 5 академик бар. Халыққа қызмет көрсететін медицинаның орта және кіші буын қызметкерлерінің алар орны да ерекше. Бұл туралы egemen.kz хабарлады. Ақ халаттты абзал жандардың кәсіби мерекесі алдында өткен салтанатты жиналыста қала әкімі Ахметжан Есімов саладағы жекеменшік медициналық орталықтар мен ұйымдардың да қосып отырған үлесін ерекше айтып өтті. Олардың саны қазіргі таңда 700-ге жуықтаған. Адам жанына әрдайым арашаға түсуге әзір мамандық иелеріне төл мерекесі күні лайықты құрмет көрсетілді. Топ жарған сала мамандарына Мақтау грамоталары мен «Денсаулық сақтау ісіне қосқан үлесі үшін» және «Денсаулық сақтау ісінің үздігі» атты төс белгілер, бағалы сыйлықтар табыс етілді. Алматыда халық денсаулығын нығайтуға бөлінген қаражаттың көлемі соңғы үш жылда 63 миллиард теңгеге жеткен. Осы мерзім ішінде қалада ірі үш медициналық мекеме бой көтерді. Салтанатқа қатысқан Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму вице-министрі Александр Цой таяу арада Алматының Түрксіб ауданында 200 адамға қызмет көрсететін емхана ашылатынын мәлім етті. Тағы да ірі екі емхананың құрылысы аяқталып келеді екен. Салтанатты жиын Алматының өнер «жүлдыздарының» концертіне ұласты. Талғат Сүйінбай. Дерек, сурет: egemen.kz. 19.06.2015-Medisina 2