Заң • 28 Ақпан, 2025

Астанада концерттерге жалған билет сатқан әйел жазаланды

42 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бас прокуратура мәліметінше, алаяқ әйел жеңіл жолмен ақша табуды көздеп, интернетте жалған хабарламалар таратқан, деп хабарлайды Egemen.kz.

Астанада концерттерге жалған билет сатқан әйел жазаланды

Фото: Pixabay.com

2024 жылы ол жұрттың назарын аудару үшін концерт билеттерінің бағасын нарықтан төмен етіп көрсеткен. 5 мыңнан - 50 мыңға дейінгі төлемдерді қабылдап, жәбірленушілерге жалған электронды билеттер жолдап отырған. 

Айыпталушының осы мазмұндағы 38 қылмысқа қатысы бары, алаяқтықпен 500 мың теңгеден астам қаржы тапқаны анықталды. 

«Кінәсін мойындауын, шынайы өкінуін, кәмелетке толмаған баласының барын және жәбірленушілерге келтірілген шығынның өтелгенін ескере отырып, сот оған 4 жылға бас бостандығын шектеу және мәжбүрлі еңбекке тарту жазасын тағайындады», делінген Бас прокуратура хабарламасында.