Елорда • 28 Ақпан, 2025

Астанада қоғамдық қауіпсіздікті бақылау күшейтіледі

687 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Елордада Рамазан айына орай 15 мешіт пен қоғамдық орындарда тәртіп бақыланады, деп жазады Egemen.kz.

Астанада қоғамдық қауіпсіздікті бақылау күшейтіледі

Фото: Астана қаласы әкімдігі

Осы жылы ораза 29 күнге созылады. Ораза айт мейрамы 30 наурыз тойланады. 

Қазіргі таңда Астана қаласының әкімдігі Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының қала бойынша өкілдігі және тиісті мемлекеттік мекемелермен бірлесе дайындық және ұйымдастыру жұмыстарын жүргізіп жатыр.

Сондай-ақ, қала тұрғындары Рамазан айында діни өзекті мәселелер бойынша туындаған сұрақтарына «109» Call-center арқылы тәулік бойы жауап ала алады.