19 Маусым, 2015

Чарльстон шіркеуінде 9 адамды атып өлтірген күдікті ұсталды (фото)

322 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
19.06.2015-USA ATYSАЛМАТЫ. 19 маусым. АҚШ полициясы Чарльстон (Оңтүстік Каролина штаты) қаласындағы шіркеуде 9 адамды атып өлтірген 21 жасар күдіктіні тұтқындады. Диланн Руф атыс болған жерден төрт сағаттық жерде Шелби (Солтүстік Каролина) қаласына таяу жерде ұсталды. Бұл туралы ВВС хабарлады. Полицияға жергілікті тұрғындардың бірі телефон соғып, күдікті туралы мәлімет берген. Чарльстон полициясының шефі Грегори Маллен тұтқындау кезінде қашқынның ешқандай қарсылық көрсетпегенін айтты. Жантүршігерлік оқиға болардың алдында Руфтың шіркеуге кіріп, мінажет етушілер арасында бір сағаттай дұға тыңдап отырған. Ол содан кейін барып, тосыннан оңды-солды оқ ата бастапты. Қайтыс болғандардың арасында 6 әйел, үш ер азамат – ішінде шіркеудің пасторы бар. Үш адам жеңіл жарақатпен аурухана түсті. Күдіктінің нағашысы Карсон Коулз жиеніДиланн Руфқа пистолет туған күніне сыйға тартылған деген мәлімет берді. Сондай-ақ Руфтың бұған дейін есірткіге қатысты екі рет қамалғаны белгілі болды. Тосын оқиғадан соң әлем жұртшылығының назарына іліккен Чарльстондағы қара нәсілділер мінәжат ететін бұл шіркеу таяуда ғана өзінің 150 жылдық мерекесін атап өткен еді. Талғат Сүйінбай. Дерек, сурет: ВВС. 19.06.2015-USA ATYS 2 19.06.2015-USA ATYS 1