Ауа райы • 01 Наурыз, 2025

+20 градус: Наурыз айында ауа райы қандай болады?

110 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Синоптиктердің болжамынша наурыз айында ауа райы құбылмалы болады. Дегенмен алғашқы онкүндікте республикалық барлық өңірінде күн жылынады, оңтүстік аймақта ауа температурасы +20 градусқа дейін көтеріледі, деп хабарлайды Egemen.kz.

+20 градус: Наурыз айында ауа райы қандай болады?

Жалпы биыл наурызда күн райы әдеттегіден жылы болады деп болжанып отыр.

- Бір айдағы орташа ауа температурасы Қазақстанның бүкіл аумағында нормадан 2 градусқа жоғары болады. Республиканың басым бөлігінде жауын-шашын қалыпты нормадан көп жауады. Әсіресе, еліміздің оңтүстік-батыс, оңтүстік өңірлерінде нормадан асады, - деп хабарлады Қазгидромет.

Синоптиктер наурыздың алғашқы онкүндігінде күн жылынып, еліміздің оңтүстігінде ауа температурасы +20 градусқа дейін көтерілетінін айтады. Алайда іле-шала күн күрт суытуы мүмкін екенін де жоққа шығармайды.

Екінші онкүндікте республиканың солтүстік өңірлерінде ауа температурасы түнде -10-15 градустан -5+3 градусқа дейін, күндіз -2-13 градустан +2+10 градусқа дейін болмақ. Ал оңтүстік аймақтарда түнде -5+5 градустан +2+10 градусқа дейін, күндіз +3+8 градустан +10+20 градусқа дейін болады.

Үшінші онкүндікте Қазақстанның басым аумағында жылы ауа райы сақталады.

Жалпы, мамандар ай көлемінде ауа райы құбылмалы болады деп болжам жасап отыр.

Соңғы жаңалықтар

Түркістан облысында көпір құлады

Төтенше жағдай • Кеше