Әлем • 03 Наурыз, 2025

В.Зеленский Ұлыбритания королімен кездесті

178 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Украина президенті Владимир Зеленский Ұлыбритания королі III Чарльзбен Норфолкта кездесті, деп хабарлайды Egemen.kz.

В.Зеленский Ұлыбритания королімен кездесті

Фото: ашық дереккөз

«Scy news» арнасының айтуынша, саясаткерлер бір-бірімен бейресми форматта жолыққан.

Осыған дейін Ұлыбритания Украинаға 3,2 миллиард доллар көлемінде несие беретіні туралы белгілі болған еді. Бұл қаражат қорғаныс материалдарын сатып алуға жұмсалады. Тиісті келісімге Украинаның Қаржы министрі мен Ұлыбританияның Қазынашылық канцлері онлайн-режімде қол қойды.

Айта кетейік, Лондон бөлген қаражат – G7 елдерінің Украинаға қолдауға арналған 50 миллиард долларлық шұғыл несиелеу бағдарламасының бір бөлігі.