
Фото: Оқу-ағарту министрлігі
Мектепті биыл пайдалануға беру жоспарланған. Оқу ғимараты 900 орынға лайықталған. Мұнда балаларға арналған интернат, оқытушылар үйі, кітапхана, спорт кешенін салу қарастырылған.
Жаңа білім беру ұйымының концепциясына сай ұлттық мектеп оқушыларына Абай философиясы, оның ішінде «бес асыл іс» идеясына негізінде білім беріледі.
«ABAI ULTTYQ MEKTEBI»-нің құрылуы – отандық білім беруді дамытудағы ең маңызды стратегиялық қадамдардың бірі, ол өзінің шыққан тегін жақсы білетін, бірнеше тілді меңгерген және жаһандық сын-қатерлерге төтеп бере алатын зиялылардың жаңа буынын тәрбиелеуге бағытталады», деді Ғани Бейсембаев.