Тағайындау • 04 Наурыз, 2025

Айбек Смадияров жаңа қызметке тағайындалды

73 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Айбек Смадияров СІМ Халықаралық ақпарат комитетінің төрағасы болып бекітілді. Ол сонымен қатар министрліктің ресми өкілі қызметін де қоса алып жүреді, деп хабарлайды Egemen.kz.

 

Айбек Смадияров жаңа қызметке тағайындалды

Фото: СІМ

Айбек Смадияров  1983 жылғы 7 шілдеде Оңтүстік Қазақстан облысында дүниеге келген. 2004 жылы Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университетін бітірген.

Еңбек жолын 2005 жылы «Қазақстандағы Қытай банкі» АҚ Административтік департаментінің маманы ретінде бастаған.

2006 жылдан 2008 жылға дейін Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі Консулдық қызмет департаментінің маманы ретінде қызмет атқарған. 2008-2010 жылдары ҚР СІМ Еуропа департаментінің атташесі және үшінші хатшысы лауазымдарында жұмыс істеген.

2010-2012 жылдар аралығында Қазақстанның Мажарстандағы Елшілігінде үшінші хатшы қызметін атқарған.

2012 жылдан 2013 жылға дейін ҚР Президентінің Баспасөз қызметінде сарапшы, ал 2013-2014 жылдары ҚР СІМ Сыртқы саяси сараптау мен болжамдау комитетінің бірінші хатшысы лауазымын атқарды.

2014 жылдан 2018 жылға дейін Вьетнамдағы ҚР Елшілігінде екінші және бірінші хатшы қызметінде жұмыс істеді.

2018-2019 жылдары ҚР СІМ Баспасөз қызметін басқарып, 2019-2023 жылдар аралығында ҚР СІМ Халықаралық ақпарат комитеті төрағасының орынбасары – Баспасөз хатшысы лауазымын атқарды.

ҚР СІМ Халықаралық ақпарат комитетінің төрағасы болып тағайындалғанға дейін 2023 жылғы маусымнан бастап ҚР СІМ Коммуникациялар департаментінің директоры – Ресми өкілі болды.

II сыныпты Төтенше және Өкілетті Уәкіл дипломатиялық дәрежеге ие.