
Фото: Видеоскрин
Желіде жарияланған видеоның кадрларында жартылай қираған жеке тұрғын үй және сол аумақта қирап қалған шаруашылық құрылыстары көрсетілген.
Жетісу облыстық төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, бүгін гаражда тұрған көлік жарылған.
«Хабарлама 07:06-да түсіп, жедел түрде ТЖД (20 адам, 6 техника) жөнелтілді. Салдарынан қосалқы құрылыстар (50 шаршы метр) жартылай қирап қалды. Өрт болған жоқ. Бір ер адам жарақат алып, Талдықорған қалалық ауруханасына жатқызылды, жағдайы ауыр, тұрақты», деп хабарлады ТЖД.
Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.