ҚАРАҒАНДЫ. 19 маусым. Осы жылдың қаңтар айында жерге құлаған АН-2 ұшағының апатын тексеру комиссиясы оқиғаның неден болған себебін анықтады. Комиссия қорытындысына сенсек, апат – ұшақ экипажының ауа райының қолайсыз жағдайында биіктік қауіпсіздігін сақтамауынан болған екен. Бұл туралы Инвестициялар және даму жөніндегі министрліктің баспасөз қызметі хабарлады.
«АН-2 экипажының жердегі бағдармен байланыспай биіктікті төмендету туралы негізсіз шешімі әуе кемесінің жермен соқтығысуына әкеп соққан», – делінген аталған министрліктің хабарламасында.
Бекітілген қорытынды есеп алдын-ала тергеу амалдарын жүргізген Ішкі істер министрлігі мен Бас көлік прокуратурасына жіберіледі.
Еске салсақ, биылғы жылдың 20 қаңтарында Жамбыл облысындағы «Шатыркөл» кенішінің маңында қалың тұманда жерге қонбақ болған АН-2 ұшағы апатқа ұшыраған болатын. Ұшақтың бортында 7 адам болған, оның үшеуі экипаж мүшелері. Апаттан экипаж мүшелерінің барлығы және де 3 жолаушы қайтыс болды. Бұлардың бәрі де «Қазақмыс» корпорациясының қызметкерлері-тұғын. Ал компанияның тағы бір қызметкері Әсем Шаяхметова құдай сақтап, сол апаттан аман қалған болатын. Қазіргі уақытта ол Астанада емделіп жатыр.
Апатқа ұшыраған ұшақ 1973 жылы жасалып шыққан, «Олимп Эйр» ЖШС-нің меншігі (тапсырыс беруші – «Балқаштүсмет» ӨБ, «Қазақмыс» ЖШС Корпорациясы). 2002 жылы бұл әуе кемесі Ақтөбенің авиажөндеу зауытында күрделі жөндеуден өткен екен. 2007 жылы оны «Қазақмыс» компаниясы сатып алыпты.
Қайрат Әбілдинов.
Дерек: Инвестициялар және даму жөніндегі министрліктің баспасөз қызметі.
Сурет: tengrinews.kz.
• 19 Маусым, 2015
Жамбыл облысында болған ұшақ апатының себебі анықталды

Баян-Өлгей аймағында Қазақстанның консулдық мекемесі ашылады
Президент • Бүгін, 16:05
Әлеуметтік дертке тосқауыл бола ма?
Мәселе • Бүгін, 16:00
Кореяда заңды жұмыс істеу: Министр келіссөздердің неге кешеуілдегенін түсіндірді
Еңбек • Бүгін, 15:57
Делиберациялы демократия – дамудың бір даңғылы
Саясат • Бүгін, 15:53
Қазақстан мен Моңғолия арасында 13 құжатқа қол қойылды
Президент • Бүгін, 15:33
Тәжікстан президенті Астанаға жұмыс сапарымен келді
Президент • Бүгін, 15:27
Астана қаласының әкімі LRT-ның қашан іске қосылатынын айтты
Елорда • Бүгін, 15:18
200-ге жуық самокат пайдаланушысы жауапқа тартылды: Полиция бақылауды күшейтті
Заң мен Тәртіп • Бүгін, 14:58
Елордада ЖИ-камералар қауіпсіздік белдігі мен телефонды тексере бастады
Елорда • Бүгін, 14:49
Ақтау мен Астанадан Ереванға тікелей рейстер ашылды
Қазақстан • Бүгін, 14:44
Жұмыссыздық бойынша төлем мерзімі 4 айға дейін қысқарады
Бюджет • Бүгін, 14:33
Қазақстан мен Моңғолия арасындағы сауда көлемі 7,7 пайызға өсті
Президент • Бүгін, 14:21
Қарағандыдағы сәби өлімі: Инфекциялық орталықта тексеру басталды
Медицина • Бүгін, 13:48