Спорт • 05 Наурыз, 2025

UFC Шавкат Рахмоновтың жекпе-жектен бас тартуын қалай қабылдады

50 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

UFC Шавкат Рахмонов үшін жартылай орта салмақтағы чемпион Белал Мұхаммадқа қарсы титулдық жекпе-жек ұйымдастыруды ұсынған еді. Алайда отандасымыз бұл жекпе-жектен бас тартты, деп жазады Egemen.kz.

UFC Шавкат Рахмоновтың жекпе-жектен бас тартуын қалай қабылдады

Фото: boxemag.com

Шавкат Рахмоновтың менеджері Саят Әбдірахманов оның титулдық жекпе-жектен бас тартуына жарақаты себеп болғанын атап өтті. 

«UFC Канадада өткізетін кешінде тағы бір титулдық жекпе-жек ұйымдастыруды жөн көріп, бізге сұрау салды. Белал Мухаммадқа қарсы күресуді ұсынды. Шавкат жарақатын жедел емдеу үшін қолдан келгенін аянбады. Десе де 100 пайыз дайын болмаған соң, маңызды титулдық жекпе-жектен бас тартуға тура келді», деп түсіндірді  Саят Әбдірахманов.

Ол UFC промоушні Шавкаттың бұл жауабын қалыпты қабылдағанын, келесі ретте сегізбұрышқа шығатын жауынгер отандасымыз болатынын жеткізді. 

Еске салайық, бұған дейін Белал Мұхаммед те жарақатына байланысты UFC 310 турнирінде Шавкат Рахмоновпен жұдырықтасудан бас тартқан болатын. Оның орнына сол кезде жеңілмеген ирландиялық Ян Мачадо Гарри шыққан еді. Ян Мачадо Гарри UFC 310 турнирінің соңғы кезеңінде Шавкат Рахмоновты қылқындыру әдісі бойынша қиындыққа ұшыратқан. Сол жолы отандасымыз ұпай саны бойынша жеңіске жетті. Бұл Шавкаттың мерзімінен бұрын жеңбеген алғашқы жекпе-жегі ретінде тіркелді. 

Соңғы жаңалықтар

Орфандық ауру асқынып тұр

Медицина • Бүгін, 09:30

Он тілді меңгерген оқушы

Білім • Бүгін, 09:25

Орталық Азиядағы орта держава

Қазақстан • Бүгін, 09:02

Жүрек қағысын жетілдіру тәсілі

Медицина • Бүгін, 08:45

Дара да дана қайраткер

Тұлға • Бүгін, 08:40

Робот ота жасады

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:25

Ең ұзын туннель

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:10

Аққыздың аманатын арқалаған

Руханият • Бүгін, 08:07

Күмбірлеп өткен күй ғұмыр

Тағзым • Бүгін, 08:05

«Пахтакор» – чемпион!

Футбол • Бүгін, 08:02

Отыз үйрек, бес қырғауыл

Аймақтар • Бүгін, 07:50