ПЕТРОПАВЛ. 19 маусым. Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Ерлан Әукенов пен «Еуразиялық топ» ЖШС басқармасының орынбасары Алдияр Қазтаевтың кездесуінде серіктестіктің отандық тауар өндірушілерге тапсырыстар орналастыру есебінен жергілікті үлесті қолдау және арттыру мәселелелері кеңінен сөз болды. Бұл туралы облыстық әкімдіктің баспасөз қызметі хабарлады.
Кеңеске аймақтың ірі кәсіпорын, агроқұрылым өкілдері қатысты. Олар кәсіпорындарды жүктеу бойынша шаралар жоспарын іске асыру аясында ірі компаниялармен ұзақ мерзімді келісімдер орнату шаралары атқарылып жатқанын жеткізді.
Ерлан Әукенов жиынға қатысушыларды өңірдің өнеркәсіп әлеуетімен таныстырды. Бүгінгі күні 49 машина жасау кәсіпорнының 28-і мұнай-газ, теміржол және тау-кен секторлары өнімдерін шығарумен шұғылданады. Инновацияларды енгізу бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар өнімдер шығаруда импортты алмастыруды жоғары деңгейде қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Өндіріске ең соңғы технологиялар енгізу жөніндегі ұсыныстар қолдауға тұрарлық. Мәселен, «Петропавл ауыр машина жасау зауыты» АҚ энергетикалық қазандық жабдықтарын, қосалқы бөлшектерді, «Нүкер» ЖШС күштік тиек-пломбалау құрылғыларын, «Изолит» ЖШС - лак маталарын, ЛСЭП - 934-ТПЛ әйнек-слюда лентасын, «Петропавл құбыр зауыты» татқа қарсы изоляциялық жамылғысы бар құбырлар және сыртқы диаметрі 820 мм-ге дейінгі жылуизоляциялық жамылғыны, «Тез салынатын ғимараттар мен құрылыстар» ЖШС «сэндвич» - панельдер, С-тәрізді болат профиль, профлист жеткізуге дайын екендігі айтылды.
Өмір Есқали.
Дерек: Солтүстік Қазақстан облыстық әкімдігінің баспасөз қызметі.
Сурет: egemen.kz
• 19 Маусым, 2015
Солтүстік Қазақстанда жергілікті үлесті арттыру мәселелері талқыланды

Баян-Өлгей аймағында Қазақстанның консулдық мекемесі ашылады
Президент • Бүгін, 16:05
Әлеуметтік дертке тосқауыл бола ма?
Мәселе • Бүгін, 16:00
Кореяда заңды жұмыс істеу: Министр келіссөздердің неге кешеуілдегенін түсіндірді
Еңбек • Бүгін, 15:57
Делиберациялы демократия – дамудың бір даңғылы
Саясат • Бүгін, 15:53
Қазақстан мен Моңғолия арасында 13 құжатқа қол қойылды
Президент • Бүгін, 15:33
Тәжікстан президенті Астанаға жұмыс сапарымен келді
Президент • Бүгін, 15:27
Астана қаласының әкімі LRT-ның қашан іске қосылатынын айтты
Елорда • Бүгін, 15:18
200-ге жуық самокат пайдаланушысы жауапқа тартылды: Полиция бақылауды күшейтті
Заң мен Тәртіп • Бүгін, 14:58
Елордада ЖИ-камералар қауіпсіздік белдігі мен телефонды тексере бастады
Елорда • Бүгін, 14:49
Ақтау мен Астанадан Ереванға тікелей рейстер ашылды
Қазақстан • Бүгін, 14:44
Жұмыссыздық бойынша төлем мерзімі 4 айға дейін қысқарады
Бюджет • Бүгін, 14:33
Қазақстан мен Моңғолия арасындағы сауда көлемі 7,7 пайызға өсті
Президент • Бүгін, 14:21
Қарағандыдағы сәби өлімі: Инфекциялық орталықта тексеру басталды
Медицина • Бүгін, 13:48