
Фото: Ашық дереккөз
Ведомствоның мәліметінше, Абай облысында бар болғаны 10 гектар егістік алқабы бар шаруа қожалығы жалған шот-фактураларды пайдалана отырып, 2 мың тонна күнбағыс тұқымын сатқан. Бұл ретте бір гектардың нақты өнімділігі 1,3 тонна тұқымды құраған. Осылайша фермер сатылымды 153 есе асырған. Кейінірек салық төлеуші өнімнің сатылмағанын және шот-фактуралар алынып тасталғанын мойындаған.
«Тауарлар мен қызметтерге жазылған шот-фактураларды тексеру нәтижесінде салық төлеушілер жұмысшыларсыз, қажетті материалдық базасыз және үшінші тұлғалардың қызметтерін тартпай құрылыс қызметтерін көрсететін жағдайлар анықталды. Тағы бір мысал – бір айдан аз уақыт бұрын құрылған компания ағылшын тілі курстарына 3,5 млрд теңге сомасында шот-фактуралар жазды, оны ол небәрі 24 күнде өткізді. Кейіннен осы компанияны тіркеу жарамсыз деп танылды», делінген хабарламада.
Айта кетейік, Адал бизнесті қорғау үшін МКК электрондық шот-фактураларды (ЭШФ) жазып беру кезінде биометриялық сәйкестендіруді пайдалану жөніндегі пилоттық жобаны қоса алғанда, цифрлық шешімдерге баса назар аудара отырып, алдын алу шараларын енгізеді. Қазіргі уақытта сәйкестендіруден өтпеген 2 мың адамның ЭШФ жазып беру әрекеттерін болдырмауға мүмкіндік туды.
Бұдан басқа, жаңа Салық кодексінің жобасында ҚҚС әкімшілендіруді жақсарту үшін ЭШФ автоматтандырылған бақылауын енгізу жоспарланған.
«Жүйе нақты уақыт режимінде деректерді талдайды және салық төлеушінің ҚҚС балансын есептейді. Егер ЭШФ жазып беру заңды шығындармен расталмаса, құжатты салық төленгеннен кейін ғана рәсімдеуге болады. Бұл тәсіл жалған мәмілелердің алдын алады, ал бақылау механизмі адал қатысушыларды шектемей, тәуекел тобындағы салық төлеушілерге қолданылады», деп хабарлады Мемлекеттік кірістер комитетінің баспасөз қызметі.