
Фото: Үкімет
Үкімет нарық тетіктері негізінде мемлекеттік қаржы тұрақтылығын және экономиканың өсу сапасын арттыруға баса назар аудаып жатыр.
Осы бағытта бюджеттік ережелер мен нысаналы бағдарлар жүйесінің сақталуын институционалды түрде нығайту, экономиканы қаржыландырудағы жеке сектордың рөлін арттыру, қаржы секторындағы жүйелік тәуекелдерді төмендету бойынша ұсыныстар тыңдалды.
Жиынға Ұлттық банк төрағасы Тимур Сүлейменов, Премьер-министрдің орынбасары – ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин, Президенттің экономикалық мәселелер жөніндегі көмекшісі Қанат Шарлапаев, Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің төрағасы Мәдина Әбілқасымова, Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің төрағасы Әсет Ерғалиев, сондай-ақ жауапты министрліктер басшылығы қатысты.