Ауа райы • 06 Наурыз, 2025

Қарағандыда - боран: Жүздеген көлік жолда қалды

40 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қарағанды облыстық полиция департаменті ауар райының күрт бұзылуына байланысты өңірдегі республикалық және облыстық маңызы бар трассаларда көлік қозғалысына шектеу енгізді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қарағандыда - боран: Жүздеген көлік жолда қалды

Ат құлағы көрінбейтін ақ түтек бораннан жүздеген көлік жолда қалып, құтқарушылардың көмегіне мәжбүр болған.

- Өңір трассаларында 719 жеңіл көлік, 605 жүк көлігі және 16 қоғамдық көлік жолда қалған. Ауа райының бұзылуы қозғалысты қиындатып, жол-көлік оқиғасын туындатты. Мәселен, Қарағанды-Теміртау жолында бірнеше көлік соқтығысқан үш жол-көлік оқиғасы болды. Зардап шеккендер жоқ. Апатқа негізінен жолдың нашар көрінуі және жүргізушілердің жылдамдық режимін сақтамауы себеп болды, - деп хабарлады полиция.

Полиция қызметкерлері облыс тұрғындарын ұзақ жолға шықпауға, жол ережесін сақтауға және маршруттарды жоспарлау кезінде ауа-райын ескеруге шақырады.

Соңғы жаңалықтар

Жолашар тың бағыттар

Пікір • Бүгін, 09:55

Екібастұздағы алып мұржа

Аймақтар • Бүгін, 09:50

Суперкомпьютердің мүмкіндігі мол

Технология • Бүгін, 09:35

Қателіктің алдын алады

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 09:30