АСТАНА. 4 мамыр. Кәсіпқой бокстан орта салмақ дәрежесінде WBA (Super), IBO және WBC (Interim) тұжырымдары бойынша әлем чемпионы Геннадий Головкин тағы бір белесті бағындырды. Отандасымыз барлық салмақ дәрежесі бойынша (Pound-for-Pound, P4P) әлемнің ең үздік үш боксшысының қатарына қосылды. Бұл туралы vesti.kz хабарлады.
Головкин мұндай дәрежеге кеше өткен Мэйвезер мен Пакьяо арасындағы жекпе-жектен кейін қол жеткізіп отыр. Аталған айқастан кейін boxrec.com нұсқасы бойынша P4P тәуелсіз рейтингісі жарияланды. Көш басында барлық жекпе-жегінде жеңіске жеткен Флойд Мэйвезер тұр (2059 ұпай). Екінші сатыда даңқты украиналық боксшы Владимир Кличко келеді (1280 ұпай). Ал Мэйвезерге есе жіберген Мэнни Пакьяо төрт саты төмен сырғып, 7-орынға жайғасты (925 ұпай). Филиппин боксшысының бұл көрсеткіші Головкиннің жоғары көтерілуіне себеп болды. Нәтижесінде 1085 ұпайға ие жерлесіміз 3-орынға табан тіреді.
Айта кетейік, Геннадий Головкин келесі жекпе-жегін 16 мамырда АҚШ-та Вилли Монроға қарсы өткізеді. Жерлесіміздің бүгінге дейін 32 кездесу өткізіп, барлығында жеңіске жеткені белгілі.
Еламан Қоңыр.
Дерек: vesti.kz.
Сурет: mail.ru.
• 04 Мамыр, 2015
Головкин әлемдегі ең үздік үш боксшының қатарына қосылды

Аймақтар • Бүгін, 08:50
Шаруашылық • Бүгін, 08:45
Саясат • Бүгін, 08:43
Ұлттық қордың балаларға шарапаты
Қоғам • Бүгін, 08:40
Саясат • Бүгін, 08:38
Еңбек • Бүгін, 08:35
Қоғамдық диалогтің дәйектілігі артады
Саясат • Бүгін, 08:33
Құқық • Бүгін, 08:30
Пікір • Бүгін, 08:28
Жаһандық рейтингте елеулі орындамыз
Қазақстан • Бүгін, 08:25
Ата заң жобасы туралы ғалымдар пікірі
Ата заң • Бүгін, 08:22
Ғылым • Бүгін, 08:20
21 шетелдік байқаушы аккредиттелді
Референдум • Бүгін, 08:17
Спорт • Бүгін, 08:15
Балмұздақ өндірісінің «бағы жанды»
Өндіріс • Бүгін, 08:12