Спорт • 09 Наурыз, 2025

Зейнолла Ыдырысов қола жүлдеге ие болды

122 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстандық гимнаст Зейнолла Ыдырысов Бакуде (Әзірбайжан) өтіп жатқан Әлем кубогының кезеңінде қола жүлдегер атанды, деп хабарлайды Egemen.kz ақпарат агенттігі. 

Зейнолла Ыдырысов қола жүлдеге ие болды

Ол ат снарядындағы жаттығулар финалында сәтті өнер көрсетіп, төрешілердің шешімі бойынша 14,400 ұпай жинады.

Жеңісті америкалық Брэндон Дэнг (14,633) иеленді. Екінші орынды Патрик Хупс (АҚШ) – 14,533 ұпаймен алды.

Айта кетейік, Қазақстан құрамасының еншісінде қазір үш медаль бар. Бұған дейін Милад Карими (еркін жаттығу) мен Дмитрий Патанин (қоссырықтағы жаттығу) күміс жүлдеге қол жеткізген еді.