Ауа райы • 12 Наурыз, 2025

ШҚО-да жол жабылды

49 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бұл – ауа райының нашарлауына байланысты, деп хабарлайды Egemen.kz.

ШҚО-да жол жабылды

Фото: Pixabay

Бүгінгі сағат 11:30 бойынша Шығыс Қазақстан облысы аумағында автожол бөлігі жабылды.

«Өскемен – Алтай – Үлкен Нарын – Катонқарағай – Рахман қайнары» автожолының 6-166 шақырым аралығында (Ушановское а. – Алтай қ.) барлық көлік түрлерінің қозғалысына шектеу қойылады», делінген «ҚазАвтоЖол» хабарламасында.

Жолды бүгін сағат 18:00-де ашу жоспарланып отыр.