Оқиға • 12 Наурыз, 2025

Шерзаттың ісі жақын күндері сотқа жіберіледі

526 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бұл туралы Ішкі істер министрінің орынбасары Санжар Әділов мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Шерзаттың ісі жақын күндері сотқа жіберіледі

Фото: Ашық дереккөз

Министрдің орынбасарының айтуынша, қазір істі прокуратура қарап жатыр.

«Қазіргі уақытта Шерзаттың ісі прокуратурада қаралып жатыр. Алдағы күндері, осы апта ішінде, оның сотқа жіберілгенін күтіп отырмыз. Сот ісін қарайтын судья тағайындалады. Кейін бұл мәселеге қатысты соттың өзі түсініктеме береді» деді Санжар Әділов.

Айта кетейік, тергеу нәтижелеріне қатысты қосымша ақпарат жарияланады. 

Сонымен қатар Шерзат Болаттың ағасы Нұрқанат Ғайыпбаевтың ісі бойынша да тергеу жүріп жатыр.