
Фото: Мәдениет және ақпарат министрлігі
Өтінім «Проза», «Поэзия», «Драматургия», «Балалар әдебиеті» номинациялары бойынша қабылданады. Автор бір ғана номинацияға қатыса алады. Әдеби сыйлыққа 18-35 аралығындағы жас қаламгерлер бұрын халықаралық және ұлттық байқауларға қатыспаған туындыларын ұсына алады.
Өтінімді 2025 жылғы 15 наурыз бен 15 маусым аралығында қағаз және электронды түрде мына мекенжайға жолдау қажет: Астана қаласы, Мәңгілік ел даңғылы, 8, 14 кіреберіс, ҚР МАМ Архив, құжаттама және кітап ісі комитеті, 273 кабинет. Барлық сұрақты +7 707 541 8006, 8 (7172) 74-04-07; 74-03-84; 74-04-08 нөмірлері бойынша анықтауға болады.