Жұмысшы мамандықтар жылы • 13 Наурыз, 2025

Оқу кластерінің орны бөлек

49 рет
көрсетілді
7 мин
оқу үшін

Кейінгі жылдары кәсіптік-техникалық колледждер білім бағдарламаларын өндіріске бағыттап, кәсіпорындарда тәжірибеден өтуге басымдық бере бастады. Заманауи инновциялық шешімдердің жылдам өзгеруі өндіріспен ынтымақтасты тұрақты күшейтіп отыру. «Жұмысшы мамандықтары жылы» аясында кәсіби мамандар даярлау үшін еліміздің оқу орындары ғана емес, шетелдің де компанияларымен бірлескен келісімді қарастырып жатыр.

Оқу кластерінің орны бөлек

Жақында «Жұмысшы ма­мандықтар жылы» фестивалі аясында оңтүстік астанадағы бірқатар кәсіптік-техникалық колледждер цифрлық бағ­дар­ламасын нәтижелі іске асырып жатқанын көрсетті. Мысалы, Алматы құрылыс колледжі сту­денттерінің «Arduino» тех­но­ло­гиясымен әзірлеген инно­вациялық «Ақылды үй» автоматтандыру жүйесі шамның жанып-сөнуін реттейді. Онда интеллектуалды жарық сенсорлары мен қауіпсіздік жүйесі қа­растырылған. Мұнда қозғалыс PIR-датчиктері, газ және түтін сенсорлары бар, олар ықтимал төтенше жағдайлардың алдын алады. Ал температураны өл­шейтін және ылғалдық сенсор­лары желдету мен жылыту жүйе­сінің жұмысын автоматты түр­де реттеп, жайлы микрокли­матты қамтамасыз етеді. «Ақыл­ды үйдің» барлық функциясын «Bluetooth» және «Wi-Fi» ар­қылы смартфоннан қашықтан басқаруға болады. Мәселен, газ немесе түтін шыққанда жүйе дереу хабарлама жіберіп, ал зуммерлер мен LCD-дисплейлер қауіпті жағдай туралы дабыл қағады. Колледж студенті Ғаббас Баязитовтің айтуынша, жоба заманауи технологиялар баспананы жайлы әрі қауіпсіз етеді. Мысалы, газ таралған жағдайда жүйе бірден анықтап, иесіне хабарлама жетеді. Жүйенің бар­лық элементін студенттер өзде­рі құрастырып, бағдарламала­ған. Оны басқаруға арналған мобильді жүйе «Play Market» пен «App Store» қосымшаларында қолжетімді. Жоба мұндай технологияларды тұрғын үйлер­ге қоюдың тиімділігін көрсетіп отыр. Бір жағынан, энергия тиім­ділігі мен қауіпсіздік деңгейін арттырады.

ап

Ал Алматы энергетика және электронды технологиялар кол­леджінің студенттері күн па­нелі жобасын толықтай өздері жасаған. Колледж студенттері Мәди Жанболат, Қырықбай Ал­­памыс күн панельдері бас­тап­қыда фотоэлементтерді өз­ара жалғап, арнайы негізге дәне­кер­леуден басталатынын айтады. Кейіннен панельді сыртқы әсерлерден қорғау үшін ламинацияланып, алюминий корпусқа бекітеді. Соңғы кезеңде оның күн энергиясын электр қуатына қаншалықты тиімді айналдыратыны тексерілді. Студенттер жобасы жаңартылатын энерге­тикадағы заманауи технологияларды игерумен бірге елімізде күн панельдері өндірісін дамы­туға мүмкіндік бар екенін дәлел­деп отыр. Мұнымен қоса атал­ған оқу орнының студенттері ин­­­новациялық жылыту жүйе­сін ұсынды. Олар автономды жы­лыту және ыстық сумен жаб­дықтау жүйесін әзірлеген. Бұл жүйе орталықтандырылған желі­лерден дербес жұмыс істеп, энергияның жоғары тиімділігі мен экологиялық тазалығын қам­тамасыз етеді. Автоматты бас­қару жүйесінің арқасында тем­пература жоғары дәлдікпен реттеліп, жылу шығынын азайтады. Осы орайда студенттер инновациялық шешімдерді меңгеру мен теорияны заманауи оқу орталықтары мен өндіріс алаңдарында тәжірибемен ұш­тастыру тиімділігінің жоғары екенін жеткізді.

Мұндай бастамалар оқу­шы­лардың білімін арттырып қана қоймай, олардың кәсіби құзыре­тін дамытады. Инновациялық технологиялармен жұмыс тәжі­рибесі студенттердің заманауи өнеркәсіптің талаптарына бе­йімделуіне ықпал етеді. Осы орайда көлік секторы, IT индустрия­сы, жиһаз өндірісі, тоңазыт­қыш және компрессорлық машиналар жасайтын мамандар сұранысқа ие салаларға басым­дық беріліп отыр. Алматы көп­салалы колледжінің директоры Асылхан Бейсетбаевтың айтуынша, еңбек нарығында заманауи мамандарға сұраныс өте жоғары. Осыны ескеріп, ха­лық­аралық ынтымақтастық аясында студенттер шетелдерде тағылымдама­дан өтіп, жаңа тех­нологиялар­ды меңгеріп, лингвистикалық дағ­дыларын ке­ңейтуге мүмкіндік береді. Сонымен қоса жұмыс беру­шілермен форсайт сессия өткі­зіп, білім беру бағдарлама­сын жа­ңарту, білім беру үрдісіне кәсі­би мамандар тарту, дуалды оқы­туды дамыту, мақсатты оқы­ту жағына көңіл бөлінді. Қала әкім­шілігінің қолдауымен осы кол­леджде көлікке техникалық қыз­мет көрсету, тоңазытқыш, жиһаз өндірісі және IT дизайн сынды төрт бағытта жұмыс іс­тейтін студенттік бизнес-инкуба­тор мен көпсалалы құзырет ор­талығы ашылған. Былтырдан бері колледждің әлеуметтік серік­тесі «DSP» орталығының қол­дауымен жиһаз өндірісі техно­паркі ашылып, студенттер­ге озық технологияларды үй­ренуге жағдай жасалды. Өн­дірістік оқыту шеберлері мен оқы­тушыларының халықаралық тағы­лымдамасы аясында Қытай, Ма­лайзия, Оңтүстік Корея, Гер­мания, Түркия елдерінің оқу орынд­арымен меморандумға, сту­денттердің академиялық ұтқырлығы бойынша келіссөздер жүріп, халықаралық білім беру стандарттары енгізілді.

ва

Алматы технологиялық кол­леджінің директоры Ерұлан Қарағұлов Орталық коммуни­ка­циялар алаңында «Жұмыс­шы мамандықтары жылын» іске асы­ру үшін әрі өндіріске қажет­ті ма­мандар даярлауда оңтүстік аста­нада индустриялық оқу-өнді­рістік кластер құру қажетті­гін жет­кізді. Кластер жұмыс беру­шілер, жоғары оқу орындар, кол­ледждер, мектептерді және мем­лекеттік органдар ықпалдасты­ғын кеңейтеді. Оның айтуын­ша, кластер түлектерді тәуелсіз аттес­тациядан өтуіне, мұғалімдер­дің біліктілігін бағалауға мүм­кін­дік берумен қатар, білім бағ­дарламасын жетілдіруге жол ашады. Қазіргі таңда дуалды оқы­ту бойынша қаладағы 12 ірі кә­сіпорында 400-ден астам студент білім алып жатыр. Сондай-ақ студенттер Түркия мен Ита­лияда, ал оқытушылар ЭЫДҰ елдерінде тәжірибеден өтеді. GIZ неміс қауымдастығымен бірлесіп, салалық сертификаттау орталықтарын құру жұмыстары жүргізіліп отыр.

Ал негізі 1956 жылы қаланған Архитектура, дизайн және инженерия колледжі еңбек нарығы­ның заманауи талаптарын ескеріп, білім бағдарламасын жетілді­руді жалғастырып жатыр. Осыған дейін колледжде сұранысқа ие ­50 мыңға жуық маман даярлан­ған. Қазіргі уақытта колледж­де мемлекеттік тапсырыс бойын­­ша 820 студент білім алады. Олар­дың 35 пайызы қаладағы жетек­ші компанияларда тәжірибе­ден өтеді. 2023 жылы студенттер­дің – 84, былтыр 88 пайызы жұ­мысқа орналасқан. Колледж 60-тан астам кәсіпорынмен ынты­мақ­тастық орнатқан. Дирек­­тор Камал Жаманғозовтың пікі­­­­­­рін­­­ше, «Жұмысшы маман­дық­тар жы­­­лы­на» сәйкес кол­ледж­де ғима­рат­­тар­ды жоба­лау мен пайда­ла­ну­дың ­авто­ма­т­тандырылған (BIM-техно­ло­гиялар), лифт ша­руашылығы мен эскалатор жү­йесіне қатысты жаңа бағыт­тар ашылған. Халықаралық стан­дарттарға сәйкес қайта даяр­лау және біліктілікті арттыру бағдарламалары аясында Қы­тайдың «Юбэй» білім беру орта­лығымен ынтымақтастық меморандумына қол қойылған. Сондай-ақ «Технониколь» құры­лыс академиясымен бірлесіп, халықаралық құзырет орталы­ғы ашылды. Орталық ашылғаннан бері 2 мыңнан астам адам қысқа­мерзімді оқудан өтті. Биыл ке­мінде 2600 маман даярлау жос­парланып отыр.

Алдағы таңда да колледж бі­лім үдерісіне инвестиция тартып, дуалды оқыту мен кәсіби бағ­дар беру жұмыстарын дамытуды жалғастырмақ. Осы мақсат­та цифрлық құрылыс және энер­гия үнемдеу технологиялары бойын­ша жаңа бағыттар, сондай-ақ «Saint-Gobain» компаниясы­­ның қолдауымен құрылыс саласы­на арналған құзыреттілік орталы­ғы ашылады.

 

АЛМАТЫ