
Фото: sportplustv.kz
54 келіде Жайна Шекербек келесі кезең жолдамасын сербиялық Сиркович Сараға қарсы сарапқа салады. 60 келіде ел намысын қорғайтын Графеева Виктория өзбекстандық Турдыбекова Ситорамен жұдырықтасады.
50 келіде өнер көрсететін отандасымыз Алуа Балқыбекова түркиялық Таскын Айсенге қарсылас атанған.
66 келіде Кизатова Жасмин ресейлік Молдажанова Альбинамен шеберлік байқасады.
81 + келіде Талипова Елдана жергілікті боксшы Милжкович Сарамен өзара кім мықтыны анықтасады.
57 келіде жарыс жолына шыққан Карина Ибрагимова қытай қызы Кай Яннан басым түсуге барын салады.
75 келіде жұдырықтасатын Надежда Рябецтің де қарсыласы жергілікті серб боксшысы Гажич Николина.
48 келіде Назым Қызайбай - Тайонис Седеньо Рохас (Венесуэла), бірінші жұп;
63 келіде Аида Әбікеева - Эсманур Лок (Түркия),сегізінші жұп;
70 келіде Наталья Богданова - Милена Матович (Сербия), оныншы жұп.