05 Мамыр, 2015

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің бұйрығы  №152 

742 рет
көрсетілді
38 мин
оқу үшін
2015 жылғы 25 ақпанАстана қаласы Қазақстан Республикасының Ұлттық ұланында әскери қызмет өткеру нұсқаулығын ескеру туралы «Қазақстан Республикасының Ұлттық ұланы туралы» 2015 жылғы 10 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабының 11) тармақшасына сәйкес бұйырамын: 1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының Ұлттық ұланында әскери қызмет өткеру нұсқаулығы бекітілсін. 2. Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының Бас қолбасшылығы (Р.Ф. Жақсылықов) заңнамада белгіленген тәртіппен: 1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді; 2) осы бұйрықты мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жолдауды; 3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін. 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының Бас қолбасшылығына (Р.Ф. Жақсылықов) жүктелсін. 4. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. Министр полиция генерал-лейтенанты Қ. ҚАСЫМОВ. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 25 ақпандағы № 152 бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасының Ұлттық ұланында әскери қызмет өткеру нұсқаулығы 1. Жалпы ережелер Осы Қазақстан Республикасының Ұлттық ұланында әскери қызмет өткеру нұсқаулығы (бұдан әрі – Нұсқаулық) Қазақстан Республикасының Ұлттық ұланындағы әскери лауазымдарды жасақтауға, бейбіт уақытта лауазымдарға тағайындауға және қызмет бойынша ауыстыруға, әскери атақтар беруге, демалыстар беруге және Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының әскери қызметшілерін жұмыстан шығаруға қатысты әскери қызмет туралы заңнаманы қолдануды нақтылайды. Нұсқаулық «Қазақстан Республикасының Ұлттық ұланы туралы» 2015 жылғы 10 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына және Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 25 мамырдағы №124 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарында әскери қызмет өткеру қағидаларына (бұдан әрі – Қағидалар) сәйкес әзірленді. 2. Қазақстан Республикасының Ұлттық ұланына келісімшарт бойынша әскери қызметке кіру үшін кандидаттарды іріктеу және зерделеу тәртібі 1. Офицерлер, сержанттар мен сарбаздар құрамдарының әскери лауазымдарына келісімшарт бойынша әскери қызметке қабылдау үшін кандидаттарды іріктеуді және зерделеуді өңірлік қолбасшылықтардың кадр қызметтері, әскери бөлімдердің (Әскери институт) және Қазақстан Республикасы Ұлттық ұлан Бас Қолбасшылығының (бұдан әрі – ҰҰБҚ) командирлері жүзеге асырады. 2. Кандидаттардың өтініш беру уақыты мен күндері, сондай-ақ құжаттардың қажетті тізбесі, дене шынықтыру даярлығы бойынша нормативтер, кандидаттарға қойылатын біліктілік және басқа да талаптар бақылау-өткізу пунктіндегі (бұдан әрі – БӨП) ақпарат тақтасында көрсетіледі. 3. Әскери қызметке кандидаттар лауазымды адамның ілесіп жүруімен белгіленген уақытта әскери бөлімнің кадр бөлінісіне келеді. Кадр қызметі немесе кадр мәселелері жөніндегі лауазымды адам кандидаттарға келісімшарт бойынша әскери қызметке қабылдау, оның ішінде дене шынықтыру даярлығы бойынша нормативтерді тапсыру тәртібін және әскери-дәрігерлік комиссияларда медициналық куәландырудың қажеттілігі туралы түсіндіреді. Бос лауазымға кандидатқа осы Нұсқаулыққа 1-қосымшаға сәйкес келісімшарт бойынша әскери қызмет өткеруге ниет білдірген адамдар ұсыналатын құжаттар тізбесі беріледі. 4. Құжаттардың толық тізбесі ұсынылғаннан кейін кандидат осы Нұсқаулыққа 2-қосымшаға сәйкес бос лауазымға белгіленген үлгідегі баянат (өтініш) толтырады. Баянат (өтініш) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тіркелуі тиіс. 5. Бұдан кейін кадр қызметі немесе кадр мәселелері жөніндегі лауазымды адам қол қойғыза отырып, кандидатқа ол әскери қызмет өткеруі болжанатын бөліністің командирімен алдын ала әңгімелесу өткізу күні туралы хабарлайды. 6. Кадр қызметі немесе кадр мәселелері жөніндегі лауазымды адам кандидат туралы ақпаратты әскери полиция қызметіне жолдайды, сондай-ақ арнайы тексерісті жүргізу үшін Қазақстан Республикасы Президентінің 1997 жылғы 26 мамырдағы № 3533қ Жарлығымен бекітілген «Қазақстан Республикасында мемлекеттік қызметке қабылданатын азаматтарды міндетті арнайы тексеру жөніндегі нұсқаулыққа» сәйкес құжаттарды ресімдейді. 7. Бос лауазымы бар бөліністің командирі кандидатпен алдына ала әңгімелесу жүргізеді және оның нәтижелері бойынша осы Нұсқаулыққа 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша әскери қызметке қабылдау туралы қорытындының бірінші бөлімін толтырады. Алдын ала әңгімелесу процесінде бөлініс командирі кандидаттың кәсіби даярлығы деңгейін, бос лауазым бойынша тиісті қызмет саласы бойынша білімінің бар-жоғын анықтайды, сондай-ақ бос лауазым бойынша әскери қызмет сипатын түсіндіреді. 8. Кадр қызметі немесе кадр мәселелері жөніндегі лауазымды адам кандидаттың «Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы» 2012 жылғы 16 ақпандағы Қазақстан Республикасы Заңының 38-бабында көзделген талаптарға сәйкестігін тексереді. Ол үшін Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы жанындағы Құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитетіне сұрау салулар жолдайды. 9. Кадр қызметі немесе кадр мәселелері жөніндегі лауазымды адам кандидатқа қол қойғыза отырып, бөлім командирінің (бастығының) қолымен бос лауазымды көрсете отырып, әскери-дәрігерлік комиссияға медициналық куәландыру үшін жолдама береді. Медициналық куәландыру нәтижелері осы Нұсқаулыққа 3-қосымшаға сәйкес әскери қызметке қабылдау туралы қорытындының үшінші бөлімінде көрсетіледі. 10. Зерделеудің қорытынды нәтижелері әскери қызметке қабылдау туралы қорытындының төртінші бөлімінде жазылады, онда зерделеуді кім жүргізгені, кандидаттың алдағы жұмысы үшін қажетті қабілеттердің қайсысын көрсеткені және кандидатты сол немесе өзге лауазымға пайдалану мүмкіндігі немесе мүмкін еместігі туралы қорытынды, сондай-ақ кандидатты және оның жеке ерекшеліктерін сипаттайтын мәліметтер көрсетіледі. 11. Кандидатты зерделеу аяқталғаннан кейін әскери қызметке қабылдау туралы толтырылған қорытынды кадр бөлінісіне немесе кадр мәселелері жөніндегі лауазымды адамға кандидаттың жеке ісі материалдарын одан әрі рәсімдеу үшін жолданады. 12. Әскери қызметке қабылдау туралы қорытынды кандидаттың әскери қызмет өткеруі болжанатын әскери бөлім командирінің (бастығының) жетекшілік ететін орынбасарымен келісіледі және оны лауазымға тағайындау құқығы бар әскери бөлім командирі (бастығы) бекітеді. 13. Әскери-дәрігерлік комиссиядан өту нәтижелері бойынша кандидат «Қазақстан Республикасы ІІМ Ішкі әскерлерінде дене шынықтыру даярлығы бойынша нормативтерді жүргізу туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2012 жылғы 23 шілдедегі № 412 бұйрығына сәйкес дене шынықтыру даярлығы бойынша нормативтерді тапсырады. Бөлімнің дене шынықтыру және спорт бастығы (Бүркіт арнайы мақсаттағы бөлінісінің командирі) бағалары бар бағалау ведомосын кадр қызметіне немесе кадр мәселелері жөніндегі лауазымды адамға ұсынады. 14. Кандидаттарды іріктеуді іріктеу комиссиясы сотталғандығын анықтайтын талаптардың (сұрау салу) нәтижелері, әскери-дәрігерлік комиссия және дене шынықтыру даярлығы бойынша нормативтерді тапсыру қорытындылары келіп түскеннен кейін жүргізеді. 15. Құрамында төраға, хатшы (кадр бөлінісінің өкілі) және кемінде үш адамнан тұратын комиссия мүшелері кіретін іріктеу комиссиясын әскери бөлімнің командирі құрады және бекітеді. 16. Іріктеу комиссиясы кәсіби және психологиялық нәтижелерінің деректері негізінде нақты лауазымды атқару үшін кандидаттың білімінің оны тағайындау көзделетін әскери лауазымның әскери-есептік мамандығына, кандидаттың дене шынықтыру даярлығы мен кәсіби жарамдылығы сәйкес келуін тексереді. 17. Іріктеу комиссиялары кандидаттарды келісімшарт бойынша әскери қызмет өткеру үшін іріктеу кезінде кандидаттармен әңгімелесу өткізеді, кандидаттардың кадр бөлінісі ұсынған жеке істерін және қосымша материалдарын зерделейді, сондай-ақ іріктеуге қатысқан кандидаттарды әскери қызметке қабылдаудың мақсатқа сай болуы немесе бас тарту себебін негіздеме бере отырып, оларды қабылдаудан бас тарту туралы шешім қабылдайды. Шешім іріктеу комиссиясы отырысының хаттамасымен ресімделеді, оны осы Нұқсаулыққа 4-қосымшаға сәйкес бөлім командирі бекітеді. Бас тарту себебін көрсете отырып, келісімшарт бойынша әскери қызметке қабылдаудан бас тарту кандидаттарға қол қойғыза отырып, жазбаша түрде беріледі. 18. Іріктеу комиссиясының бекітілген қорытындысы негізінде кадр бөлінісі әскери қызмет өткеру туралы келісімшарт ресімдейді және кандидат пен бөлім командиріне (институт бастығына) қол қойғызады. Бұдан кейін бөлім командирі (бастық) келісімшарт бойынша әскери қызметке қабылдау туралы бұйрық шығарады. Жеке құрам бойынша бұйрықтың негізінде кандидат бөлімнің жеке құрам тізіміне тіркеледі және лауазымын атқаруға жіберіледі. 19. Жеке құрам бойынша бұйрық шығарылғаннан кейін үзінді әскери есепте тұрған жері бойынша жергілікті әскери басқару органының (бұдан әрі - ЖӘБО) бастығына әскери есептен шығару үшін жолданады. Сонымен қатар запаста тұрмаған адамға әскери билет беру туралы сұрау салу жолданады. 3. Әскери қызметшілерді әскери лауазымдарға тағайындау және ауыстыру тәртібі 20. Әскери қызметшілерді штаттық лауазымдарға олардың тікелей бастықтары Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының лауазымдар номенклатурасына сәйкес тағайындайды. 21. Офицерлер құрамының адамдарын әскери лауазымдарға тағайындау жеке батальон командирінен бастап жоғары тікелей бастықтардың ұсынымы бойынша жүргізіледі. 22. Лауазымдарға тағайындауға арналған ұсынымдар жетекшілік ететін кадр бөліністері арқылы тікелей бастықтарға жолданады. 23. Сарбаздар мен сержанттар құрамының адамдарын әскери лауазымдарға тағайындау Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 17 тамыздағы № 777 қаулысымен бекітілген үлгі нысанға сәйкес рота командирінен бастап жоғары тікелей бастықтардың ұсынымы бойынша (әскери қызметке қабылдау кезінде ұсыным ресімделмейді) жүргізіледі. 24. Офицерлер құрамының адамдарын Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының Бас қолбасшысы номенклатурасының лауазымдарына тағайындауға арналған ұсынымдар, сондай-ақ басқа да құжаттар шешім қабылдау үшін ҰҰБҚ Кадр және әскери білім басқармасына жолданады. 25. Офицерлер құрамының адамдарын өңірлік қолбасшылық қолбасшысы номенклатурасының лауазымдарына тағайындауға арналған ұсынымдар, сондай-ақ басқа да құжаттар шешім қабылдау үшін Қазақстан Республикасы Ұлттық Ұланының лауазымдар номенклатурасына сәйкес өңірлік қолбасшылықтардың кадр бөлімдеріне жолданады. 26. Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланы Бас қолбасшысының бұйрықтарымен тағайындалатын өңірлік қолбасшылықтардың сержанттары лауазымдарына тағайындауға арналған ұсынымдар шешімді ресімдеу үшін ҰҰБҚ Ұйымдастыру-жұмылдыру басқармасына жолданады. Өңірлік қолбасшылық қолбасшыларының бұйрықтарымен тағайындалатын әскери бөлімдердің сержанттары лауазымдарына тағайындауға арналған ұсынымдар шешімді ресімдеу үшін өңірлік қолбасшылықтардың ұйымдастыру және жасақтау бөлімдеріне жолданады. Өңірлік қолбасшылықтар мен әскери бөлімдердің сержанттарын тағайындау Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының Бас сержантымен келісе отырып, Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының лауазымдар номенклатурасына сәйкес жүргізіледі. 27. Ұсынымдар ҰҰБҚ (бас) басқармаларының (дербес бөлімдер) мүдделі бастықтарымен, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланы Бас қолбасшысының тиісті қызметтерге жетекшілік ететін орынбасарларымен келісілуі тиіс. 28. Командирлер (бастықтар) офицерлер құрамының адамдарын лауазымдарға тағайындауға ұсынады және ұсынымдар (баянаттар, ауыстыру жоспарлары) бойынша әскери қызметшілердің аттестациясын ескере отырып, сондай-ақ конкурстық іріктеу, курстық даярлықтан немесе тағылымдамадан өту нәтижелері бойынша қорытынды береді. 29. Әскери лауазымдардың штаттық атауы өзгерген кезде (штаттық-лауазымдық санаттары өзгермей) Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланы Бас қолбасшысының 2015 жылғы 16 ақпандағы № 60 бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының офицерлерімен келісімшарт жасасу, оларды келісімшарт бойынша әскери қызметке қабылдау, әскери лауазымдарға тағайындау, ауыстыру, шығару туралы, сондай-ақ оларға әскери атақтар беру, алып тастау және ауыстыру тәртібімен Қазақстан Республикасының Ұлттық ұланына келісімшарт бойынша әскери қызметке кірген арнайы мемлекеттік органдардың және құқық қорғау органдарының қызметкерлеріне қайта аттестаттау тәртібімен әскери атағын беру туралы жеке құрам бойынша бұйрықтарды шығаруға құқығы бар лауазымды адамдар тізбесіне (бұдан әрі - Тізбе) сәйкес жаңа әскери лауазымдарға қайта тағайындау жүзеге асырылады. Әскери бөлімнің нөмірі немесе атауы өзгерген кезде де әскери қызметшілерді қайта тағайындау осы тәртіппен жүргізіледі. 30. Офицерлер құрамының бос лауазымдарына жоғары білімі бар болған кезде әскери қызметшілерді келісімшарт бойынша уақытша тағайындауға болады. 31. Офицерлер құрамының лауазымдарына келісімшарт бойынша әскери қызметшілерді уақытша тағайындау – Лауазымды адамдар тізбесіне, ал азаматтық қызметшілерді тағайындау – Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланы Бас қолбасшысының, өңірлік қолбасшылық қолбасшыларының, әскери бөлім командирлерінің, Әскери институты бастығының саптық бөлім бойынша бұйрықтарына сәйкес жүргізіледі. 32. Офицерлер құрамының бос лауазымдарына жоғары білімі және тиісті әскери мамандық саласы бойынша ұқсас мамандығы, сондай-ақ осы мамандық бойынша жұмыс тәжірибесі бар қызметшілерді (запастағы немесе отставкадағы офицерлер, азаматтық персонал адамдары) тағайындауға (егер штатта көзделсе) болады. 33. Сарбаздар мен сержанттар құрамындағы келісімшарт бойынша әскери қызметшілердің бос лауазымдарына мерзімді қызметтегі әскери қызметшілерді немесе қызметшілерді (азаматтық персонал, оның ішінде запастағы немесе отставкадағы әскери міндеттілер, жоғары немесе орта-арнайы білімі бар әскери міндеттілер) «Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Ішкі әскерлері және әскери-тергеу бөліністері әскери қызметшілерінің әскери-есептік мамандықтары, штаттық лауазымдары және тарифтік санаттары тізбелерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2013 жылғы 29 сәуірдегі № 26 қбпү бұйрығымен бекітілген тізбеге сәйкес тағайындауға болады. Әскери қызметші уақытша болмаған (жүктілігі және бала тууы бойынша демалыс) жағдайда сарбаздар мен сержанттар құрамындағы келісімшарт бойынша әскери қызметшілердің бос емес лауазымдарына қызметшілерді (азаматтық персонал, оның ішінде запастағы немесе отставкадағы әскери міндеттілер және жоғары немесе орта-арнайы білімі бар әскери міндеттілер) «Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Ішкі әскерлері және әскери-тергеу бөліністері әскери қызметшілерінің әскери-есептік мамандықтары, штаттық лауазымдары және тарифтік санаттары тізбелерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2013 жылғы 29 сәуірдегі № 26 қбпү бұйрығымен бекітілген тізбеге сәйкес тағайындауға болады. 34. Өңірлік қолбасшылықтардың (құрамалардың) кадр бөліністерінде жыл сайын оқу жылының соңында 5 қаңтарға қол жеткізген нәтижелерді және әскери тәртіптің жай-күйін ескере отырып, алдағы жылы жоғары тұрған лауазымдарға жылжыту және оқуға жіберу үшін офицерлер құрамының резерві құрылады. Бұл ретте резервке тіркелген әр офицермен нақты лауазымға немесе оқуға түсуге дайындық бойынша қандай жұмыс жүргізілетіні айқындалады. 35. Резервке тіркелген адамдарды қызмет бойынша тең лауазымдарға ауыстыру кезінде тиісті тікелей бастықтың шешімі бойынша қызметтік мінездемелерде олардың бұрынғы қызмет орны бойынша резервте тұрғаны туралы көрсетіледі. 36. Офицерлер құрамының адамдарын төмен лауазымдарға ауыстыруды Лауазымды адамдар тізбесіне сәйкес осы құқық берілген бастықтар аттестаттау комиссиясының қарауынан соң жүргізеді. 37. Офицерлер құрамының адамдарын лауазымды орындаудан шеттету саптық бөлім бойынша бұйрықпен жүзеге асырылған жағдайда оны атқаратын лауазымынан босату кейіннен тиісті командирдің (бастықтың) қарамағына тіркеп, жеке құрам бойынша бұйрықпен жүргізіледі. 38. Лауазымдарды уақытша атқаратын адамдар осы лауазымдарға тағайындалған әскери қызметшілер немесе демалыстан, іссапардан және т.б. келген әскери қызметшілер әскери бөлімге келген кезде бұл міндеттерді атқарудан босатылады. 39. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2014 жылғы 30 шілдедегі № 483 бұйрығымен бекітілген «Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланы үшін жоғары әскери білімнің кәсіби оқу бағдарламаларын іске асыратын жоғары әскери оқу орындарына қабылдау қағидаларына» сәйкес әскери қызметшілерді басқа мемлекеттердің әскери оқу мекемелерінің курсанттары (тыңдаушылары) ретінде тіркеу Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланы жеке құрамының тізімдерінде қалдыра отырып, ҰҰБҚ емтихан қабылдау комиссиясының ұсынымы бойынша Бас қолбасшының бұйрықтарымен жүзеге асырылады. 40. Әскери оқу орнын аяқтаған соң, бітіруші (офицер) Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланы Бас қолбасшысының бұйрығымен лауазымға тағайындалады немесе тиісті командирдің (бастықтың) қарамағына тіркеледі. 41. Қарамағында болу мерзіміне әскери қызметшінің емделу және еңбек демалысында болу уақыты, оның ішінде қарамағында болу кезеңінде ауырған әскери қызметшілер үшін де есептелмейді. 42. Келісімшарт бойынша әскери қызметшілер келісімшарт мерзімі аяқталған соң (өз ниеті бойынша және бос лауазымдар болған жағдайда) Қазақстан Республикасының басқа өңірлерінде орналасқан әскери бөлімдердің әскери лауазымына тағайындалады. 43. Әскери қызметші алдын ала 2 айға дейін баянатпен келісімшарт мерзімі аяқталғанға дейін қызмет орны бойынша өтініш білдіреді. Бөлім командирі шешім қабылдағаннан және әскери қызметшінің жаңа қызмет орны ретінде таңдалған бөлімнің қолбасшылығымен жазбаша келісілген соң, кадр бөлінісі әскери қызметшіні басқа әскери бөлімге тағайындау үшін құжат ресімдейді және жолдайды. 44. Келісімшарт бойынша әскери қызметшілерді отбасы жағдайы бойынша, әскери қызметшінің немесе оның отбасы мүшелерінің денсаулық жағдайы бойынша жаңа қызмет орнына ауыстыру одан әрі қызмет өткеру үшін таңдалған әскери бөлімде бос лауазымдар болған жағдайда жүргізіледі. 45. Келісімшарт бойынша әскери қызметшілерді өңірлік қолбасшылықтар, Әскери институт, тікелей бағынысты бөлімдер арасында тиісті командирлердің (бастықтардың) қолдаухаты бойынша ауыстыру Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланы Бас қолбасшысының жеке құрам бойынша бұйрықтарымен жүргізіледі. 46. Офицерлер құрамының адамдарын, келісімшарт бойынша әскери қызметшілерді Қазақстан Республикасының Ұлттық ұланынан әскери қызмет көзделген басқа мемлекеттік органдарға ауыстыру және әскери қызметшілерді (қызметкерлерді) басқа құқық қорғау және арнайы органдардан, Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінен, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарынан Қазақстан Республикасының Ұлттық ұланына келісімшарт бойынша әскери қызметке айқындау Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің немесе Бас қолбасшының жеке құрам бойынша бұйрықтарымен Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланы лауазымдарының номенклатурасына сәйкес жүргізіледі. 47. Офицерлер құрамының адамдарын және келісімшарт бойынша әскери қызметшілерді Ұлттық ұланнан әскери қызмет көзделген басқа мемлекеттік органдарға және кері ауыстыру осы мемлекеттік органдардың бірінші басшыларының келісімі бойынша жүзеге асырылады. 48. Ауыстыру кезінде Қазақстан Республикасының Ұлттық ұланы офицерлер құрамының жеке істері осы Нұсқаулыққа 5-қосымшаға сәйкес жеке істерді арнайы есепке алу кітаптарында есепке алынады. 4. Әскери қызметте болудың шекті жасына толған әскери қызметшілермен келісімшарт жасасу тәртібі 49. Әскери қызметте болудың шекті жасына толған әскери қызметшіге қолданыстағы келісімшарт мерзімінің аяқталуына кемінде төрт ай қалғанда осы Нұсқаулыққа 6-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасының Ұлттық ұланынан шығаруға ұсынылатыны туралы хабарланады. 50. Осы Нұсқаулыққа 7-қосымшаға сәйкес әскери қызметте болудың шекті жасына толған, оқытушылық, ғылыми қызметті жүзеге асыратын және магистр академиялық дәрежесі, ғылыми дәрежелері немесе атақтары бар әскери қызметшілерге, олардың келісімшарт мерзімін әскери қызметте болудың шекті жасынан жоғары ұзарту туралы баянаты бойынша Бас қолбасшының шешім қабылдауы үшін ҰҰБҚ ұсынылады. 51. Әскери қызметшінің баянатына әскери қызметшіні әскери қызметте шекті жастан тыс қалдырудың мақсатқа сай болуы туралы бөлім командирінің (институт бастығының) негізделген қолдаухаты (ұсынымы) қоса беріледі және қызметтік карточкасынан үзінді жолданады. 52. Әскери қызметшілерді әскери қызметте шекті жастан тыс қалдыру туралы қабылданған шешімдерді оларға әскери бөлімдердің командирлері (институт бастығы) жеке жариялайды. Әскери қызметшілердің жеке істеріндегі қызметтік тізімдерге шекті жастан тыс әскери қызметте кімнің шешімімен және қандай мерзімге қалдырылғаны туралы жазылады. 53. Келісімшарт мерзімін әскери қызметте болудың шекті жасынан тыс ұзартудан бас тартылған әскери қызметшілерге әскери бөлім командирлері, Әскери институт бастығы осы Нұсқаулыққа 8-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасының Ұлттық ұланынан шығарылатыны туралы хабарлайды. 5. Ротациялау жүргізу тәртібі 54. Әскери қызметшілерді ротациялау әскердің жауынгерлік әзірлігін арттыру үшін әскери қызмет өткеру шеңберінде, сондай-ақ қызметтік қажеттілік немесе әскери қызметшілердің кәсіби әлеуетін анағұрлым тиімді пайдалануды қамтамасыз ету мақсатында жүзеге асырылады. 55. Ротациялау шарттары: бір әскери лауазымда 5 жылдан артық болу; климаттық жағдайы ауыр жерлердегі бір әскери бөлімде 3 жылдан артық әскери қызмет өткеру болып табылады. 56. Ротациялау жоспары және ротациялауға жататын әскери қызметшілердің тізімі жыл сайын 1 желтоқсанға жасалады. 57. Мынадай: мүгедек жұбайы (зайыбы) бар; мүгедек балалары (қамқоршысы болып табылатын), оның ішінде асырап алған балалары бар; асырауында қартайған ата-аналары бар; осы жылы келісімшарт мерзімі аяқталатын; әскери қызметте болудың шекті жасына толуына 3 жыл қалған; тең немесе жоғары лауазымға тағайындау мүмкін емес әскери қызметшілер ротациялауға жатпайды. 58. Тікелей бастықтарының қолдауы және аттестаттау комиссиясының шешімі бойынша Бас қолбасшы осы Нұсқаулықтың 56-тармағында көрсетілген мерзімге әскери лауазымдарда болу уақытын ұзартады. 59. Ротациялау жоспарына және ротациялауға жататын әскери қызметшілердің тізіміне өзгерістер жоспар мен тізімді бекіткен адамның шешімі бойынша енгізіледі. 60. Өңірлік қолбасшылықта өңірлік қолбасшылық қолбасшысының номенклатурасы бойынша ротациялау жоспары мен тізімі жасалады және 5 желтоқсанға дейінгі мерзімде ҰҰБҚ Кадр және әскери білім басқармасына ұсынылады. 61. Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының лауазымдар номенклатурасы бойынша ротациялауға жататын өңірлік қолбасшылықтар әскери қызметшілерінің тізімі осы Нұсқаулыққа 9-қосымшаға сәйкес жасалады. 62. Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының лауазымдар номенклатурасына сәйкес өңірлік қолбасшылықтардың әскери қызметшілерін ротациялаудың нысаны бойынша жоспары осы Нұсқаулыққа 10-қосымшаға сәйкес жылдың қорытындысында белгіленген нысан бойынша 15 қаңтарға жасалады және 15 шілдеде нақтыланады. 6. Әскери атақтар беру тәртібі 63. Офицерлер құрамының адамдарына және сарбаздар мен сержанттар құрамындағы келісімшарт бойынша әскери қызметшілерге, оның ішінде қайта аттестаттау тәртібімен әскери атақтар беру Тізбеге сәйкес жүргізіледі. 64. Оң аттестатталған, тиісті штаттық лауазымдарды атқаратын офицерлерге кезекті әскери атақтарын уақтылы беру мақсатында ұсынымдар ҰҰБҚ Кадр және әскери білім басқармасына офицерлердің атағындағы еңбек сіңірген мерзімінің аяқталуына кемінде бір ай қалғанда жіберіледі. 65. Әскери бөлім командирінің офицерге немесе келісімшарт бойынша әскери қызметшіге жеке әңгімелесу барысында кезекті әскери атағын беруге ұсынуды кешіктіруге негіз болған себепті жариялауы әскери қызметшінің әңгімелесу парағына қол қоюы арқылы жүргізіледі, ол кезекті әскери атақ берілгенге дейін жеке істе сақталады. Қабылданған шешім мен офицерлер құрамының адамымен жүргізілген әңгімелесу туралы ҰҰБҚ Кадр және әскери білім басқармасына ақпарат беріледі. 66. Запастан ерікті түрде келісімшарт бойынша немесе шақыру бойынша әскери қызметке айқындалған және лауазымға тағайындалған офицерлердің әскери атағындағы еңбек сіңірген мерзімінде заңнамамен белгіленген еңбек сіңірген мерзімдерін сақтай отырып, олардың запаста әскери атағында болған уақыты есептеледі. 67. Офицерлер құрамының алғашқы әскери атағын беруге ұсынылған әскери қызметшілерге Қағидалардың 89-тармағының 3) – 5) тармақшаларына сәйкес құжаттар ресімделеді. 68. Ауыстыру тәртібімен келісімшарт бойынша әскери қызметке қабылданатын құқық қорғау және арнайы мемлекеттік органдардың қызметкерлеріне олардың арнайы атағына немесе сыныптық шеніне тең офицерлер құрамының әскери атағы қайта аттестаттау тәртібінде берілуі мүмкін. Кезекті әскери атағын беру мерзімін есептеу соңғы әскери атағын алған күннен бастап есептеледі. 69. Әскери атағы жоқ азаматтарға «қатардағы» және кейінгі әскери атақтар тиісті штаттық лауазымдарға келісімшарт бойынша әскери қызметке кірген, сондай-ақ жоғары әскери оқу орнына түскен кезде жеке құрам бойынша бұйрықтармен беріледі. 70. «Кіші сержант» әскери атағы штатта тиісті және одан жоғары әскери атақ көзделген әскери лауазымдарға тағайындалған кезде, оқу бөлімін бітірген соң немесе аталған мамандық бойынша тиісті білімі болған жағдайда бекітілген Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының лауазымдар номенклатурасына сәйкес өз бөлімі командирінің бұйрығымен беріледі. 7. Әскери қызметшілерге демалыстар беру тәртібі 71. Әскери қызметшілерге жыл сайынғы негізгі, отбасы жағдайы бойынша қысқа мерзімді және оқу демалыстарын беру кезінде демалысты өткізу орнына бару және қайту үшін қажетті уақыт демалысты өткізу орнына қарамастан беріледі және темір жол (әуе, автомобиль, теңіз) көлігінің қозғалыс (қайта отыруды ескере отырып) кестесі бойынша есептеледі. 72. Темір жол қатынасы болмаған жағдайда демалысты өткізу орнына бару және қайту үшін қажетті уақыт демалысты өткізу орнына жақын теміржол станциясына дейінгі қозғалыс (қайта отыруды ескере отырып), теміржол көлігі кестесі бойынша есептеледі. Жақын теміржол станциясынан демалыс өткізу орнына жетуге қажетті уақыт қайта отыруларды ескере отырып, қалааралық автобустардың (маршруттық таксилердің) қозғалыс кестесі бойынша есептеледі. Демалысты өткізу орнына көліктің өзге де түрлерімен (жеке және т.б.) барған кезде бару және қайту уақыты теміржол көлігінің қозғалыс кестесі бойынша есептеледі. 73. Демалысты бірнеше пунктте өткізген жағдайда әскери қызметшінің таңдауы бойынша қызмет орнынан оған осы пункттердің біреуіне бару және қайту үшін уақыт ұсынылады. 74. Демалысты өткізу орнына бару және кері қайту үшін қажетті уақытты есептеу үшін растайтын құжаттар жол жүру құжаттары (билеттер), сондай-ақ теміржол, теңіз, авиа-вокзалдар мен автобус станцияларынан алынған анықтамалар болып табылады. 75. Баянатта көрсетілген елді мекенде болғаны туралы растайтын құжаттар жақын орналасқан қорғаныс істері жөніндегі басқармада (бөлімде) есепке қойылғаны және алынғаны туралы демалыс билетінің сыртқы жағына қойылған белгі (мөр) болып табылады. Егер әскери қызметші демалысқа келген елді мекенде қорғаныс істері жөніндегі басқарма (бөлім) болмаса, ол жергілікті мемлекеттік басқару органында есепке тұруы (есептен алынуы) мүмкін. 76. Қазақстан Республикасынан тыс демалысқа шыққан кезде баянатта көрсетілген елді мекенде болғаны туралы растайтын құжаттар Қазақстан Республикасының демалысты өткізетін елдегі өкілдіктерінің, оның ішінде туристік, жергілікті әкімшіліктердің мөрлері, сондай-ақ паспорттағы белгілер болып табылады. 77. Демалысты өткізу орнына жету үшін қажетті уақыт он екі сағаттан асса, онда әскери қызметшінің демалысына демалысты өткізу орнына баруы және кері қайтуы үшін екі тәулік (одан көп) қосылады. 78. Демалысты өткізу орнына жету үшін қажетті уақыт он екі сағатқа жетпесе, онда әскери қызметшінің демалысына демалысты өткізу орнына баруы және кері қайтуы үшін бір тәулік қосылады. 79. Жыл сайынғы негізгі демалысты туристік жолдамалар бойынша өткізген жағдайда жол жүру үшін уақыт қызмет орнынан бастапқы пунктке дейін және кері – туристік бағыттың соңғы пунктінен қызмет орнына дейін ұсынылады. 80. Жүктілігі және бала тууына байланысты демалысқа шығар алдында немесе одан кейін, болмаса бала күтімі бойынша берілген демалысы аяқталған соң әскери қызметші – әйелге егер бұған дейін пайдаланбаса, оның ниеті бойынша толық төленетін жыл сайынғы демалысы ұсынылады. 81. Отбасы жағдайы бойынша қысқа мерзімді демалыс жыл сайынғы негізгі демалысты пайдалануына қарамастан ұсынылады. 82. Қызметтік қажеттілік бойынша әскери қызметші демалысты беру құқығы берілген уәкілетті лауазымды адамның саптық бөлім бойынша бұйрығымен жыл сайынғы негізгі демалыстан кейін шақыртылады. 8. Әскери қызметтен шығару тәртібі 86. Келісімшарт бойынша әскери қызметшілерді теріс себептер бойынша шығару туралы шешім қабылдау міндетті түрде аттестаттау комиссиясының қарауынан кейін жүргізіледі. 84. Уәкілетті органның бастамасы бойынша жүкті әйелдермен, үш жасқа дейінгі баласы бар әйелдермен, он төрт жасқа дейінгі баласы (он сегіз жасқа дейінгі мүгедек баласы) бар жалғызбасты аналармен, аталған санаттағы балаларды анасыз тәрбиелейтін өзге де адамдармен штаттарды қысқарту (ұйымдастыру-штаттық іс-шаралар) бойынша келісімшартты бұзуға жол берілмейді. 85. Әскери қызметтен шығаруға ұсыну алдында олардың қызмет өткеруі туралы деректер нақтыланады, қажет болған жағдайда олардың қызмет өткерген кезеңдері күнтізбелік есеппен еңбек сіңірген жылдарына және жеңілдік жағдайында жеке есептелуі құжаттамамен расталады, заңнамаға сәйкес зейнеткерлікке еңбек сіңірген жылдары есептеледі. Есептелген еңбек сіңірген жылдары әскери қызметшіге жеткізіледі. 86. Келісімшарт бойынша қызмет мерзімі аяқталған және емделудегі әскери қызметшілердің келісімшарт мерзімінің аяқталу күні Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 4 желтоқсандағы № 1171 қаулысымен бекітілген «Екі айдан астам еңбекке уақытша жарамсыздық мерзімі белгіленуі мүмкін ауру түрлерінің тізбесіне» сәйкес емделуде болған кезеңіне ұзартылады. 87. Шығаруға арналған ұсынымда оң аттестатталған әскери қызметшіні көтермелеу шаралары туралы ұсыныстар көрсетіледі. 88. Келісімшарт қолданысының тоқтатылуы туралы барлық даналардағы жазбалар жеке құрам бойынша бұйрықтағы тұжырымға сәйкес жүргізіледі. 89. Барлық құжаттар Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының Бас қолбасшылығына бір данада, мемлекеттік және орыс тілдерінде, жеке істері Кадр және әскери білім басқармасында сақталатын офицерлерге 2 данада (оларды жеке іске тігу үшін) ұсынылады. 90. Офицерлерді шығару кезінде құжаттар бір данада (номенклатуралық іске тігу үшін) ұсынылады. 91. Жеке істері Кадр және әскери білім басқармасында сақталатын офицерлерге кезекті әскери атақ беруге ұсыну кезінде 1 дана 9х12 (жеке іске), 1 дана 3х4 фотосуреті (қысқартылған қызметтік карточкасына) қосымша жіберіледі. 92. Офицердің немесе сарбаздар мен сержанттар құрамы лауазымдарындағы келісімшарт бойынша әскери қызметшінің әскери қызмет өткеруіне қатысты және жеке құрам бойынша бұйрықпен бекітілген әрбір тармаққа тиісті аттестаттау материалдары ресімделеді, олар номенклатуралық істерге, ал олардың көшірмелері – әскери қызметшілердің жеке істеріне тігілуі тиіс. Қазақстан Республикасының Ұлттық ұланында әскери қызмет өткеру нұсқаулығына 1-қосымша Келісімшарт бойынша әскери қызмет өткеруге ниет білдірген адамдар ұсынатын құжаттар тізбесі: келісімшарт бойынша әскери қызметке кіру ниеті туралы жеке өтініш (баянат); белгіленген үлгідегі бланкілерде толтырылған сауалнама деректері; өз қолымен жазылған өмірбаян; Қазақстан Республикасының азаматы жеке куәлігінің (паспортының) түпнұсқасы және көшірмесі; білімі туралы құжаттың көшірмесі (салыстыру үшін түпнұсқасын ұсынбаған жағдайда нотариалды расталған); бар болған кезде еңбек кітапшасының көшірмесі; соңғы қызмет (жұмыс немесе оқу) орнынан мінездеме; сотталмағаны туралы анықтама; салық органының табысы туралы декларацияны қабылдағаны туралы анықтама. Қазақстан Республикасының Ұлттық ұланында әскери қызмет өткеру нұсқаулығына 2-қосымша Нысан Кімге_________________________________ әскери бөлім (мекеме) _______________________________________ командиріне (бастығына) Баянат (Өтініш) «Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-тарауына сәйкес Сізден мені Қазақстан Республикасының Ұлттық ұланына келісімшарт бойынша әскери қызметке қабылдауыңызды және ______ жыл мерзімге келісімшарт бойынша әскери қызмет өткеру үшін __________________ лауазымына тағайындай отырып, ________________ әскери бөліміне (мекемеге) жіберуіңізді сұраймын. Өзім туралы мынаны хабарлаймын: Т.А.Ә.____________________________________________________ Туған күні, айы және жылы, тұрғылықты жері _________________ ____________________________________________________________ Білімі ______________________________________________ (қашан және қандай оқу орнын аяқтаған) Мамандығы ___________________________________________ __________________________________________________________ (ҚК-гі қызмет, өткеру кезеңі және шығу себебі) _________________________________________________ (әскери атағы, қолы, Т.А.Ә.) ___________________ ______________________ (күні) (қолы, тегі және аты-жөні) Қазақстан Республикасының Ұлттық ұланында әскери қызмет өткеру нұсқаулығына 3-қосымша Нысан БЕКІТЕМІН _____________________________________________________ (ә/б командирінің лауазымы, атағы, аты-жөні, тегі және қолы) _____________________________________________________ _____________________________________________________ _____________________________________________________ 20__ жылғы «___»_________ Әскери қызметке қабылдау туралы қорытынды ____________________________________________________________ (кандидаттың тегі, аты, әкесінің аты табыс септігінде) ____________________________________________________________ 1. Кандидатты алдын-ала зерделеу нәтижелері туралы анықтама ___________________________________________________________________ Тұрғылықты жері, оқу немесе жұмыс орны бойынша қалай мінезделеді ___________________________________________________________________ (оның білімінің, іскерлік жеке және моральдық қабілетінің ұсынылатын лауазымға сәйкестігі) _____________________________________________________________________________ _____________________________________________________________________________ _____________________________________________________________________________ Кандидат қабылдануы тиіс қызметтің (бастығы) командирі ____________________________________________________________________________ (бөлініс командирі (бастығы), әскери атағы ) ____________________________________________________________________________ ____________________________________________________________________________ Қолы Аты-жөні, тегі 20___ жылғы «___»__________ 2. Арнайы тексеріс нәтижелері _______________________________ ____________________________________________________________________________ ____________________________________________________________________________ Бөлімнің ШБ к/с жөніндегі АК, зерделегеннен және арнайы тексеріс іс-шараларын өткізгеннен кейін ____________________________________________________________________________ ____________________________________________________________________________ ____________________________________________________________________________ ____________________________________________________________________________ _____________________ ___________ _____________________ (лауазымы, арнайы атағы) (қолы) (аты-жөні, тегі) 20___ жылғы «___»__________ 3. Кандидаттың Ұлттық ұланға әскери қызметке жарамдылығы туралы әскери-дәрігерлік комиссияның қорытындысы ____________________________________________________________________________ ____________________________________________________________________________ ____________________________________________________________________________ ____________________________________________________________________________ Кандидатты психофизиологиялық зерттеу нәтижелері _______________________________ _____________________________________________________________________________ Әскери бөлім немесе құраманың офицер-психологы толтырады _____________________________________________________________________________ (немесе ӘДК анықтамасынан алынады, егер АФЕ болса – ә/б медициналық қызметінің бастығы толтырады) ____________________________________________________________________________ ____________________________________________________________________________ ____________________________________________________________________________ ____________________________________________________________________________ Медициналық қызметтің бастығы ___________________________ _________ ___________________________ (лауазымы, арнайы атағы) (қолы ) (аты-жөні, тегі) 20___ жылғы «___»__________ 4. Кандидатты зерд