
Жақында Айдос Ғалымов Үндістанның астанасы Дели қаласында қазақ күресінен ересектер арасында өткен додада екінші мәрте Әлем чемпионы атанды.
Облыс әкімі әлемдік сайыста топжарған балуан ұлытаулықтардың ғана емес, еліміздің мақтанышы екенін айтты. Жарысқа жеңімпаз дайындаған бапкері Ерболат Қаракесековке де алғыс білдірді. Чемпионға облыс әкімдігі атынан 1 500 000 теңгенің сертификаты табыс етілді.
Айдос Ғалымов өңір басшысының жасаған құрметі мен қолдауына ризашылық білдіріп, ел намысын қорғау жолында күш-жігерін аямайтынын жеткізді.
Ұлытау облысы