Ауа райы • 13 Наурыз, 2025

Екі облыста республикалық автожолдың бөліктері жабылды

51 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Шектеулер ауа райының бұзылуына байланысты болып отыр, деп хабарлайды Egemen.kz.

Екі облыста республикалық автожолдың бөліктері жабылды

Фото: «ҚазАвтоЖол» (архив)

Бүгін сағат 13:00-дегі жағдай бойынша «Астана - Атбасар - Жақсы - Рузаевка - Сарыкөл - Қостанай - РФ шекарасы» автожолының Қостанай облысы аумағындағы 686-729 шақырым аралығы (Сарыкөл ауылы - СҚО шекарасы) және Солтүстік Қазақстан облысы аумағындағы 729-768 шақырым аралығы (Қостанай облысы шекарасы - Тоқсан ауылы) бойынша жүк және қоғамдық көліктердің қозғалысына шектеу қойылды.

«ҚазАвтоЖол» мәліметінше жолды 14 наурызда сағат 06:00-де ашу жоспарланған.