Білім • 13 Наурыз, 2025

Екібастұзда 140 ұпай жинаған түлекке бес миллион теңге беріледі

49 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Екібастұзда 140 ұпай жинаған түлекке бес миллион теңге берілетін болды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Екібастұзда 140 ұпай жинаған түлекке бес миллион теңге беріледі

Мұндай керемет сыйлықты жергілікті кәсіпкер Мереке Байжан ұсынған.

«Зерде» мамандандырылған мектебінің түлектері тарапынан игі бастамалар жиі көтеріледі. Былтырғы қараша айында мектеп түлегі Мереке Байжан мектептің пән олимпиадасында жетістікке жеткен 11-сыныптың екі оқушысына 30 мың теңгеден стипендия тағайындаған болатын.

Мектепті 2014 жылы бітірген кәсіпкер бұған дейін білім ошағының 20 жылдық мерейтойын бір миллион теңге ақшалай қаражатпен қолдаған.

«Бұл жолы да ол тамаша бастамасымен түлектерді білімге ерекше талпындырмақ. Мереке Байжан биылғы Ұлттық бірыңғай тестілеуде 140 ұпай жинаған мектеп түлегіне бес миллион теңгенің сертификатын тапсырмақ», - делінген хабарламада.