05 Мамыр, 2015

Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы

207 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Астана және Алматы қалаларының,  облыстардың әкімдері туралы Қазақстан Республикасы Конституциясының 87-бабының 4-тармағына сәйкес қаулы етемін: 1. Мыналар: Әділбек Рыскелдіұлы Жақсыбеков – Астана қаласының әкімі; Ахметжан Смағұлұлы Есімов – Алматы қаласының әкімі; Сергей Витальевич Кулагин – Ақмола облысының әкімі; Архимед Бегежанұлы Мұхамбетов – Ақтөбе облысының әкімі; Амандық Ғаббасұлы Баталов – Алматы облысының әкімі; Бақтықожа Салахатдинұлы Ізмұхамбетов – Атырау облысы­ның әкімі; Нұрлан Асқарұлы Ноғаев – Батыс Қазақстан облысының әкімі; Кәрім Насбекұлы Көкірекбаев – Жамбыл облысының әкімі; Нұрмұхамбет Қанапияұлы Әбдібеков – Қарағанды облы­сының әкімі; Нұралы Мұстафаұлы Сәдуақасов – Қостанай облысының әкімі; Қырымбек Елеуұлы Көшербаев – Қызылорда облысының әкімі; Алик Серікұлы Айдарбаев – Маңғыстау облысының әкімі; Асқар Исабекұлы Мырзахметов – Оңтүстік Қазақстан облы­сы­ның әкімі; Қанат Алдабергенұлы Бозымбаев – Павлодар облысының әкімі; Ерік Хамзаұлы Сұлтанов – Солтүстік Қазақстан облысының әкімі; Даниал Кенжетайұлы Ахметов – Шығыс Қазақстан облы­сы­ның әкімі болып тағайындалсын. 2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа ен­гізіледі. Қазақстан Республикасының Президенті  Н.НАЗАРБАЕВ. Астана, Ақорда, 2015 жылғы 4 мамыр. №8