Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Шелл» концернінің атқарушы бас директоры Бен ван Берденді қабылдады, деп хабарлады Президенттің баспасөз қызметі.
Кездесу барысында компанияның Қазақстандағы жұмысы және еліміздің мұнай-газ саласын дамытуға қатысуы мәселелері талқыланды.
Сондай-ақ, ынтымақтастықтың түрлі инвестициялық жобаларды жүзеге асыру мәселесін қамтитын перспективалы бағыттары да сөз болды. Тараптар өзара іс-қимыл аясын одан әрі жандандыру мен кеңейтудің маңыздылығын атап өтті.
Қазақстан Президенті компания қызметіндегі өзгерістерге, оның «Би Джи Групп» компаниясымен бірігуі жоспарланып отырғанына назар аударды. Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан экономикасындағы ірі инвестордың бірі ретінде «Шелл» Қашаған кенішін игеру жобасында маңызды рөл атқаратынын айтты.
Мемлекет басшысы компанияның міндеттемелеріне өзгерістер оң ықпал етеді деп үміттенетінін жеткізді.
Б.Берден Нұрсұлтан Назарбаевты Қазақстан Президенті лауазымына қайта сайлануымен құттықтап, бұл сайлау ел үшін ғана емес, шетелдік инвесторлар үшін де тұрақтылықтың айғағы болып саналатынын айтты.
Сонымен қатар, «Шелл» концернінің атқарушы директоры Мемлекет басшысының былтыр Ядролық қауіпсіздік жөніндегі саммитке қатысу үшін Нидерландқа сапарлап барғанында оған «Президент Назарбаев» деп аталған қызғалдақтың жаңа сорты таныстырылғанын еске салды. Соған орай Б.Берден Нұрсұлтан Назарбаевқа Голландиядан әкелінген осы сорттың жаңа кесілген гүлін сыйлады.
Суретті түсіргендер
С.БОНДАРЕНКО, Б.ОТАРБАЕВ.

Референдум: Дауыс беру учаскесін қайдан білуге болады?
Референдум • Бүгін, 13:42
Президент Орталық референдум комиссиясының төрағасын қабылдады
Президент • Бүгін, 13:30
Өңірлерде су тасқынына қарсы дайындық күшейтілді
Төтенше жағдай • Бүгін, 13:22
Келешек олимпиадаларға дайындық басталды ма? Астанада жаңа шаңғы базасы пайдалануға берілді
Олимпиада • Бүгін, 13:10
Маңғыстаулық мамандар өндіріс алаңдарында жоғары технологиялық операцияларды меңгерді
Экономика • Бүгін, 13:02
Ақтөбе облысының бес ауылы арақтан бас тартты
Заң мен Тәртіп • Бүгін, 12:53
«Странджа» турнирі: Бүгін 15 боксшымыз жұдырықтасады
Бокс • Бүгін, 12:36
Жамбыл облысының көктемгі егін егу жұмыстарына дайындығы қалай?
Аймақтар • Бүгін, 12:20
Қызылорда күріштің орнына егетін дақылды таңдады
Аймақтар • Бүгін, 12:10
Атырауда екі ер адам АИТВ инфекциясын қасақана жұқтырды деген күдікке ілінді
Аймақтар • Бүгін, 12:05
Ұлттық архив қызметкерлеріне жаңа Конституция жобасы түсіндірілді
Ата заң • Бүгін, 11:58
Қостанай облысында 5 млн гектар алқапқа егін егіледі
Аймақтар • Бүгін, 11:52
Маңғыстау атом энергетикалық комбинатының ұжымы жаңа Конституцияны қолдады
Ата заң • Бүгін, 11:49
Егіс науқанына дайындық: Диқандар үшін дизель бағасы нарықтан 15%-ға төмен белгіленді
Үкімет • Бүгін, 11:47
Қазақстанда радиациялық қауіпсіздік қалай реттеледі?
Сұхбат • Бүгін, 11:40