Спорт • Кеше

Назым Қызайбай қазақстандық боксшылардан алғаш рет үш дүркін әлем чемпионы атанды

167 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Сербияның Ниш қаласында әйелдер арасында бокстан өтіп жатқан әлем чемпионатында Назым Қызайбай жеңімпаз атандыдеп жазады Egemen.kz ақпарат агенттігі. 

Назым Қызайбай қазақстандық боксшылардан алғаш рет үш дүркін әлем чемпионы атанды

Қазақстандық боксшы 48 келіге дейінгі салмақта ресейлік Юлия Чумгалаковадан үш раунд бойы айласын асырды.

Төрешілер жеңісті бірауыздан Назымға берді – 5:0.

Осылайша, Назым Қызайбай қазақстандық боксшылардан алғаш рет үш дүркін әлем чемпионы атанып, тарихқа енді. Бұған дейін ерлер арасында да ешкім мұндай табысқа жеткен емес.

Бұдан бұрын Назым әлем біріншілігінде 2014 және 2016 жылдары топ жарған еді. Сондай-ақ ол 2021 жылы Азия чемпионы атанып, Париж Олимпиадасында қола жүлдеге қол жеткізді.