Жастар • 17 Наурыз, 2025

Колледждер арасында «ТОП – 100 студент» байқауы өтеді

41 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдары арасында республикалық «ТОП – 100 студент» конкурсы басталды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Колледждер арасында «ТОП – 100 студент» байқауы өтеді

Фото: Oqu-agartu ministrligi

Мақсаты – техникалық және кәсіптік білім беру жүйесінің талантты және перспективалы студенттерін анықтау және қолдау, сондай-ақ Қазақстан экономикасының түрлі салалары үшін жоғары білікті мамандардың кадрлық резервін жасақтау.

Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, ұйымдастырушы – сала министрлігіне қарасты «Talap» КЕАҚ.

Байқау үш кезеңмен өткізіледі:

іріктеу кезеңі – колледж ішінде өтеді;

өңірлік кезең – әр колледжден 5 студент қатысады;

республикалық кезең – шешуші кезеңде әр аймақтан 10 үздік студент сайысқа түседі.

Байқауға қатысушылардың жұмыстарын сарапшылар: білім беру, өнер және гуманитарлық ғылымдар, денсаулық сақтау және әлеуметтік қамсыздандыру, жаратылыстану ғылымдары, математика және статистика, ақпараттық-коммуникациялық технологиялар, бизнес, басқару және құқық, әлеуметтік ғылымдар және ақпарат, ауыл, орман, балық шаруашылығы және ветеринария, инженерлік, өңдеу және құрылыс салалары, сондай-ақ қызмет көрсету бағыттары бойынша бағалайды.

Байқауға техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының ниет білдірген барлық студенттері қатыса алады.

Соңғы жаңалықтар

Орфандық ауру асқынып тұр

Медицина • Бүгін, 09:30

Он тілді меңгерген оқушы

Білім • Бүгін, 09:25

Орталық Азиядағы орта держава

Қазақстан • Бүгін, 09:02

Жүрек қағысын жетілдіру тәсілі

Медицина • Бүгін, 08:45

Дара да дана қайраткер

Тұлға • Бүгін, 08:40

Робот ота жасады

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:25

Ең ұзын туннель

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:10

Аққыздың аманатын арқалаған

Руханият • Бүгін, 08:07

Күмбірлеп өткен күй ғұмыр

Тағзым • Бүгін, 08:05

«Пахтакор» – чемпион!

Футбол • Бүгін, 08:02

Отыз үйрек, бес қырғауыл

Аймақтар • Бүгін, 07:50