05 Мамыр, 2015

Бектеміс әулетінің баһадүрлері

729 рет
көрсетілді
10 мин
оқу үшін
УОС-ЦВӘкем ойына өткен өмір оқиғалары оралған: «Әй, сол сұрапыл соғыс!» – деп ауыр күрсініп алар еді де, біздерге қарап: «Оқыңдар, елге адал қызмет атқарыңдар, біз көрген қиыншылықты бастарыңа, бала-шаға, үрім-бұтақтарыңа еш бермесін», – дейтін. Дейтін де тағы бір терең күрсінетін. Күрсінетін де терең бір ойға шомып отырып қалатын. Оның бұл көңіл күйін біз енді ғана түсіне бастағандаймыз. Сол қырғын соғыстың шай­қамаған шаңырағы қалды ма? Сол шаңырақтың бірі – Бектемісовтер әулетінікі еді. Әкемнің сол бір сырға, мұңға толы сөздері мен ұрпақтың келе­шегін ойлап күрсінген сәттерін есіме алсам, ойыма Мұқағали ақынның: Снимок«Ақыл айтып жүрмесе қасымызда, Cонда орнайды жетімдік басымызға, Жалаңашқа шекпенін шешіп беріп, Бір күлшесін бөліскен ашымызға»,  – деген төрт шумақ өлеңі оралады. Атам Бектеміс Тоғайбайұлы 1870 жылы еліміздегі табиғат кереметтерінің бірі дүние жүзіне белгілі Шарын шатқалы мен ерен (ясин) ағашы өсетін қалың жынысты, тоғайлы Сарытоғайда, бүгінгі Шарын мемлекеттік ұлт­­­­тық табиғи паркі болып қа­лып­тасқан жерде дүниеге келген. Жас кезінен зерек, ақылды болып өсіпті. Құран кәрімді толық оқып шыққан. Емшілік қасиеті де болған екен. Істе адал да қа­­­тал, талапшыл, әділетті, бес уа­қыт оқитын Снимок-2намазын қаза жі­бер­меген тақуа болыпты. Ыс­қақ де­ген молдадан үйренген үл­гі­сін ауыл балаларының бойы­н­­а сіңіріп, сауатын ашыпты. Со­лар­дың қатарында өз ұлы Бұлғы да болған. Сол кезде атам ұстаған, пайдаланған Құран кітабы және де басқа жазбалар, теріден жасалған қоржын қалта да күні бүгінге дейін әулетімізде сақтаулы тұр. Снимок-1Еліне ертеден-ақ аса сыйлы болған атам Бектеміс Ұлы Отан соғысы жылдары жетпістегі жасына қарамай Ават ауылында колхоздың ферма меңгерушісі болған. Еңбектегі жетістігі үшін 1946 жылы «1941-1945 жыл­дардағы Ұлы Отан соғысы жыл­дарындағы ерлік еңбегі үшін» және тағы басқа медальдармен марапатталған. Ұлы Отан соғысына Бұлғы, Әбдірақан, Жүнісбай, Әбдірахман деген төрт ұлын бірдей аттанды­рады да, өзі 13 жастағы ұлы Әб­дімәжит және екі айлық немересі Әйімбүбі, оның анасы Сейілхан келінімен қалады. Бір әулетке ие болып қалған атам талмай еңбек етеді. Асқан қиындыққа қажырлылықпен төтеп беріп, Ұлы Жеңісті жұртпен бірге қарсы алған. Енді Отанды қорғау үшін май­данға аттанған Бектеміс атам­ның ұлдарына тоқталар болсам, бірінші болып, 1917 жылы туған Әбдірахман Бектемісов 1939 жы­лы 6 ақпанда азаматтық борышын өтеу үшін кеңестік Қызыл әскер қатарына шақырылады. Фин соғысына араласып, одан кейін 333-атқыштар полкінде Брест қамалын қорғауға қатысқанын, сөйтіп соғысты ал­ғашқы кескілескен қанды қыр­ғынмен қарсы алғанын тарихшы, профессор Ләйла Ахметованың «Брестская крепость, июнь-июль 1941г.» атты еңбегінен оқыдық. Қарулы жаудан Отанын алғаш қорғағандардың бірі болғанын біліп қуандық, кеудемізді мақ­таныш сезімі кернеді. Әбдімәжит әкенің аруағына бас идік. Снимок-3 Ал 1915 жылы туған Жүнісбай Бектемісов атамыздың 1942 жыл­дың 12 желтоқсанында Алматы облысы Жаркент әскери комиссариатынан майданға шақы­рылғандығы туралы, одан соң Мә­скеу түбінде Панфилов ди­ви­зиясының құрамында бол­ғандығы, сол құраммен бірге со­­ғысқа кіргені жөніндегі мәліметтерден басқа – біз білетін өмірдерек жоқтың қасы. 1943 жылдың желтоқсанынан кейін хабар-ошарсыз кеткен, әлі мә­лімет жоқ. Жары майданға ат­танғанда жаңа ғана босанған жап-жас Сейілхан апамыз сәби шағынан әкесінен ажырап қал­ған жалғыз қызы – Әйімбүбі тәтемізді қанаттыға қақтырмай, тұмсықтыға шоқыттырмай өсір­ді, оқытты. Майданға кеткен ерін өмір бойы күтумен өтті. Жар махаббаты, ел, ар-ұят, төрт ұлын соғысқа жіберген қарт ата ал­дындағы келіндік қасиетіне аса адал болды. Азаматтар майданға аттанып, Отан қорғау жолына басын бәйгеге тіккенде, ол ауылда қалып, солардың отбасын аман сақтап қалу жолына өзінің жастығын құрбан етті. Әйімбүбі тәтеміз еңбек ете жүріп есейді, аудандағы ел құрметіне бөленген мұғалім болды. Беделді ұстаз Абай ағамен отбасын құрып, ұл үйлендіріп, қыз ұзатып немере өсірді. 1978 жылғы мамырда әкемнің бірде ерекше қуанғаны, енді бірде қатты қайғырғаны әлі де есімде. Ол кезде мен мектеп оқушысымын. Жастық шығар, нақ сол күйініш пен сүйініштің қатар келген сәттегі әкенің жан күйін дөп басып түсіне алмағаным шындық. Қазір ұққаным – хабарсыз кеткен бауырларына ауылдағы пошташы Бибінұр апаймен бірге талмай, тынымсыз іздеу салған. Соның нәтижесінде Кеңес Одағының Қорғаныс министрлігінен 1978 жылғы 28 сәуірде №83023 хат келіпті. Онда мынадай мәліметтер жазылыпты: «Алматы облысы, Жаркент аудандық әскери комиссариатынан шақырылған, 1913 жылы туған қатардағы Бектемісов Әбдірақан – 26-атқыштар ди­ви­зиясының 87-атқыштар пол­кінің атқышы. 1943 жылы 22 тамызда қаза тапты. Жерленген жері: Ленинград обл., Старорусс ауданы, Липовицы деревнясының зиратында. Сондай-ақ, Бектемісов Әбдірахманның, Бектемісов Жү­нісбайдың Кеңес армиясының қатардағы солдат және сержант құрамында жекелей жоғалғандар қатарында болғандығы туралы дерек жоқ екенін хабарлаймыз». Әкемнің қуанғаны – ағала­рының Отан қорғау жолында болғандығы туралы әйтеуір бір хабардың келгендігі болса, күйінгені – солардың не өлі, не тірі екендігі жөнінде еш мәлі­меттің болмауы секілді. Бірақ «өлді» дегендердің қатарында болмауы да әкемнің көкейінде бір үміт шырағын жаққандай еңсесін тіктеткен көрінеді. Бауырларына деген әке үміті өмірінің соңына дейін көңілінен бір сәт те кеткен емес. Соңғы 10 жылда інім, компьютер саласының маманы PhD докторы Аманжолмен интернет арқылы соғыстан келмеген аталарымыз туралы тағы бір мәлімет табамыз деген үмітте едік. Тәубе, қазір мәлімет қоры бар мына сайттардан http://mod.gov.kz/memorial, www.obd-memorial тың деректер табылып жатыр. Ал әкемнің ең үлкен бауыры, 1898 жылы туған Бектемісов Бұлғы 1942 жылы майданға 44 жасында аттанып, Еуропа елдерін азат етіп, Берлинге же­ңіспен жетіп, Жапон соғысына және қа­тысып, елге тек 1946 жылы ер­лікке алған бірнеше орден-медаль­дарды кеудесіне жар­қырата тағып оралады. Бұл Бектемісовтер әулеті үшін үлкен бақыт еді. Тұл­ғалы, сымбатты, әскери қалыпты сақ­тайтын, аса келбетті болған Бұл­ғы әкеміздің бұл күндері дү­ние­ден өткен Темірхан, Темір­ға­зы, Темірғали деген ұлдарынан не­мере-шөберелер өрбіп, үлкен бір әулетке айналды. Сөйтіп, Бектеміс отбасынан майданға аттанған төрт бірдей атпал азаматтың үшеуі Отан қорғау жолында құрбан болса, біреуі еліне аман оралғандығы қуаныш екені хақ. Жеңіс күндері жақындаған сайын майданға Отанын қорғауға аттанған үлкен әкелерімізді (әкемнің ағаларын) еске ала отырып, өзіміздің де рухымыз биіктейді. Әкем Әбдімәжит Бектемісұлы болса, Мәскеудегі Бүкілодақтық жетістіктер көрмесінің жүлдегері, соғыс жылдарында қаршадай болса да үлкендерше жарғақ құ­лағы жастыққа тимей еселі еңбек етіп, сол еңбегімен ұлы Жеңісті жақындатқандардың бірі болды. Ол кісі сол жылдардағы ай­рық­­ша еңбегіне орай Ұлы Отан соғысының ардагері атанған. Бейбіт өмірде білімге құштарлығы зор, қазақ тілінің жанашыры, ұлт арасындағы татулық пен бірлікке сіңірген еңбегі ерен, сөзге шешен, іске адал болып, елге аянбай қызмет етті. Ұйғыр ауданының Құрметті азаматы атанды. Өскен-өнген Әбдімәжит әкем туралы «Қазақстан» телеарнасының (1998 ж.) алтын қорында белгілі телепублицист Абдолла Сүлеймен Алтайдың «Диірменнің биік да­­рағы» атты жарты сағаттық деректі телефильмі сақталған. Сәуле Әбдіхалыққызы да өз кі­табында әкем туралы кеңінен толғанады. Осындай абзал ардагер Әбді­мәжит Бектемісұлы мен ол кісінің жары, ардақты анамыз, «Батыр ана», «Алтын Алқа» төсбелгілерінің иегері Тұрахан Түргенбаева балаларын өсіріп, оқытып, ержеткізген, немере, шөберелерін сүйген нағыз адал, өз заманының заңғарлары деп бағалар едім. Осы жерде бір айта кетер жай, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 23 ақпан­дағы қаулысымен құрылған Алматы облысындағы «Шарын мемлекеттік ұлттық табиғи паркі» мемлекеттік мекемесінің алғашқы бас директоры Бектемісов Тохтам Әбдімәжитұлының да Бектеміс атасының ізін басып, он жыл бойы заманалар мен дәуірлердің сап алтынындай сақталып келе жатқан табиғи кешенді, яғни әлемнің екі елінде ғана өсетін ерен (ясин) орманын көзінің қарашығындай қорғап, сұқ көзден сақтап, өсуіне үлкен үлесін қосып еді. Өткен жылы өмірден өтті де кетті. Осы бір шағын жазба Жеңісті жақындатқан Бектемістер әулетінің Отан алдында азаматтық борышын адал атқарғанын айту ниетінен туған еді. Мақтағали БЕКТЕМІСОВ, физика-математика ғылымдарының докторы, профессор. АЛМАТЫ.