
Үкімет басшысы өңдеу секторының өсімі 6%-ға жуықтағанын, бұл соңғы он жылдағы ең жоғары көрсеткіш екенін атап өтті.
«Алты жыл ішінде машина жасау саласындағы өндіріс үш есе өсті, ал өнеркәсіптік өндірістің жылдық орташа өсімі 20,3%-ды құрады. Нақты сандарға келсек, 2018 жылғы 30 мың жеңіл автокөлікпен салыстырғанда қазір 134 мың бірлік өндірілуде. Сол сияқты жүк көліктерінің өндірісі алты еседен астам өсіп, 7,1 мың бірлікке жетті, автобустардікі жеті есеге ұлғайып, 2,9 мың бірлікке жетті, ал арнайы техника өндірісі үш есеге жуық артып, 711 бірлікке жетті», делінген мақалада.
Сондай-ақ, Президенттің тапсырмасы бойынша мұнай-газ химиясын белсенді дамыту басталды. Ел біртіндеп шикізат экспортынан терең өңдеуге көшіп, полимерлер, композиттік материалдар, химиялық реагенттер шығара бастады. Бұл – түрлі салаларда сұранысқа ие жоғары қосылған құны бар өнімдер.
Ірі жобалардың бірі – Атырау облысындағы KPI зауыты. Ол қазірдің өзінде іске қосылып, полипропилен өндіріп жатыр. Бұл зауыт Орталық Азиядағы барлық ұқсас кәсіпорындардан қуаттылығы жағынан асып түседі.